expression [ɪkˈspreʃn] n 1. білдіру, аңғарту, ұқтыру(шылық) ¨an expression of support – қолдау білдіру(шілік) ¨Expressions of sympathy flooded in from all over the country. – Елдің түкпір-түкпірінен ниеттестік жолдаулары ағылды. ¨Freedom of expression is a basic human right. – Сөз бостандығы – бастапқы адам хақы. ¨(formal) The poet's anger finds expression in the last verse of the poem. – Ақынның ашуы/ызасы өлеңнің соңғы шумағында аңғартылған. ¨The riots are the most serious expression of anti-government feeling yet. –Бұдан өткен үкіметке қарсы наразылық толқулары болған емес. ¨Only in his dreams does he give expression to his fears. – Ойша/Іштей ғана ол үрейін/уайымын білдіреді. ¨Their frustration needs some form of expression. – Олар ренішін әйтеуір бір білдірулері қажет. 2.бет әлпеті, түр, жүз, ажар, әлпет, әр, бет, дидар, кейіп, келбет, көрік, өң, рай, рең, сиық, сұр, сұрық, тұрпат, түс, шырай (syn: look) ¨There was a worried expression on her face. – Өңінен қобалжып тұрғаны білініп тұрды. ¨an expression of amazement/disbelief/horror – таңғалған/қайран қалған/шошынған кейіп ¨His expression changed from surprise to one of amusement. – Оның бет әлпеті таңғалыстан қызығушылыққа өзгерді. ¨The expression in her eyes told me something was wrong. – Оның сұрқынан/өңінен бір пәленің болғаны сезілді. ¨facial expressions – бет әлпеті, кейпі 3.сөз, сөз тіркесі, фраза, лебіз ¨an old-fashioned expression – көнеден айтылып жүрген сөз ¨(informal) He's a pain in the butt, if you'll pardon the expression. – Мына сөзімді кешіре алсаңыз кешіріңіз, бірақ ол бір құйрықтағы шаншу сықылды. ¨Her writing is full of colourful expressions. – Оның жазуы/жазбасы түрлі-түсті/алуан реңкті сөздерге/лебіздерге толы. 4. толғаныс, көңіл-күйін, сезімін аңғартушылық, мағына ¨Try to put a little more expression into it! – Сезіміңді қоюлай/Толғана/Мағыналай түс. ¨She plays the violin with great expression. – Ол скрипканы керемет толғана ойнайды. 5. (матем) өрнек (шартты белгілердің жиынтығы)