extend [ɪkˈstend] v 1.~ sth ұзарту, жалғау, ұзын ету, созу, үлкейту, ұлғайту, кеңейту ¨to extend a fence/road/house – қоршауды созу (жалғау)/жолды үлкейту/үйді кеңейту ¨There are plans to extend the no-smoking area. – Темекі шекпейтін аумақты кеңейтпек жоспар бар. 2.~ sth (мерзімді) созу, ұзарту ¨to extend a deadline/visa – аяқталу мерзімін/визаны созу ¨The show has been extended for another six weeks. – Тамашаны/Шоуды тағы алты аптаға созды. ¨Careful maintenance can extend the life of your car. – Мұқият күтсеңіз машинаңыздың ғұмыры ұзақ олады. 3.~ sth (істі, т.с.с.) кеңейту, тарату ¨The company plans to extend its operations into Europe. – Компания өз операцияларын Европаға шығарайын/таратайын деп жатыр. ¨The school is extending the range of subjects taught. – Мектеп оқытылатын пәндер санын ұлғайтуда. 4.қамту ¨The offer does not extend to employees' partners. – Ұсыныс қызметкерлердің қосақтарына/жұбайларына таралмайды. ¨His willingness to help did not extend beyond making a few phone calls. – Оның көмектеспек ниеті бірнеше телефон шалудан әріге бармады. 5. созылу, қамту, жабу ¨Our land extends as far as the river. – Жеріміз өзенге дейін созылып жатыр. ¨His writing career extended over a period of 40 years. – 40 жыл бойы оның қолынан қалам түспеді. 6. созу, керу ¨to extend a rope between two posts – арқанды екі баған арасына керу 7. ~ sth созу, ұсыну ¨He extended his hand to the new employee. – Ол жаңа қызметкерге қолын созды. ¨(figurative) to extend the hand of friendship to another country – басқа елге достық қолын созу 8. (formal) ұсыну, көрсету ¨~ sth to sb I'm sure you will join me in extending a very warm welcome to our visitors. – Меймандарымызды жылы қарсы алғанда маған қосыласың(ыз) деп ойлаймын. ¨to extend hospitality to overseas students – шетелдік студенттерге қонақжайлық көрсету ¨The bank refused to extend credit to them. – Банк оларға несие беруден бас тартты. ¨~ sb sth to extend sb an invitation – біреуге шақыру жолдау 9. ~ sb/sth/yourself күш, шама жұмсау, сарп ету ¨Jim didn't really have to extend himself in the exam. – Джимге емтихан кезінде пәлендей қиналуға тура келген жоқ. ¨Hospitals were already fully extended because of the epidemic. – Эпидемияның салдарынан госпитальдер/ауруханалар лықа толған.