extent [ɪkˈstent] n 1.ауқым, көлем, өріс ¨It is difficult to assess the full extent of the damage. – Зиянның толық ауқымын бағалау қиын. ¨She was exaggerating the true extent of the problem. – Мәселенің нақты ауқымын ол дардитып көрсетіп жүрді. ¨I was amazed at the extent of his knowledge. – Оның білімінің өрісін аңдап таңырқадым. ¨You can't see the full extent of the beach from here. – Пляждың/Жағажайдың ауқымын бұл жерден көре алмайсың. 2. (idm) *to… ~ белгілі бір дәрежеде, белгілі бір деңгейге, шекке дейін, біршама, дегенмен (де), қайткенде де ¨To a certain extent, we are all responsible for this tragic situation. – Осы қайғылы жағдайға біз де біршама жауаптымыз. ¨He had changed to such an extent that I no longer recognized him. – Өзгергені соншама, танымай қалдым. ¨To some extent what she argues is true. – Қайткенде де/ Дегенмен оның айтатындары рас/айтатындарында қисын бар. ¨The pollution of the forest has seriously affected plant life and, to a lesser extent, wildlife. – Орманның ластануы өсімдіктерге қатты зиян тартқызды, ал жан-жануарлар азырақ болса да зардап шекті. ¨To what extent is this true of all schools? – Мектептердің барлығында бұндай жайт қаншалықты деңгейге шейін бар? ¨The book discusses the extent to which family life has changed over the past 50 years. – Кітап соңғы елу жылда отбасы өмірінің қаншалықты өзгергенін сөз етеді.