extinction [ɪkˈstɪŋkʃn] n жойылып кету, құрып біту, жоғалу ¨a tribe threatened with extinction/in danger of extinction – жоғалу алдында тұрған тайпа ¨The mountain gorilla is on the verge of extinction. – Тау горилласы жойылудың алдында тұр. ¨We know of several mass extinctions in the earth's history. – Жер тарихындағы бірнеше жаппай жойылуларды білеміз. ¨a campaign to save wild koalas from extinction – жабайы коалаларды жойылудан сақтау науқаны ¨Will technology in music drive creativity to extinction? – Музыкадағы технология творчествоны/шығармашылықты құрдымға жібере ме? ¨The dormouse in Britain may face extinction if ancient woodland continues to disappear. – Ежелгі тоғайлардың жойылуы тоқтамаса, Британияда қарақастар (дала тышқаны) жоғалуы мүмкін. ¨A comet colliding with the earth may have caused the mass extinction of the dinosaurs. – Жермен соқтыққан комета динозаврлардың жойылуына себеп болуы мүмкін.