extra [ˈekstrə] A.adj қосымша, үстеме, артық (syn: additional) ¨Breakfast is provided at no extra charge. – Таңғы ас үшін қосымша ақы алынбайды. ¨The conference is going to be a lot of extra work. – Конференцияны өткізу үшін шаршап-шалдығуға тура келеді. ¨an extra pint of milk – қосымша жарты литр сүт ¨The government has promised an extra £1 billion for health care. – Денсаулық саласына үкімет қосымша £1 млрд бөлуге уәде етті. ¨Take extra care on the roads this evening. – Бүгін кешке жолда ерекше абай бол. ¨The play is to run for an extra week! – Пьеса тағы бір жетіге созылмақ. ¨extra help for single parents – жалғыз басты ата-аналарға қосымша жәрдем B.n 1. қосымша, үстеме, артық ¨The monthly fee is fixed and there are no hidden extras. – Айлық төлем өзгермейді және жасырын үстемелер жоқ. ¨While I was saving I had no money for little extras or luxuries. – Ақша жиып жүргенде қосымша ұсақ-түйекке не қызықтарға қаражатым болмады. ¨(BrE) Metallic paint is an optional extra. – Метал түсті бояу/сыр – өзіңіз таңдайтын қосымша. 2.(фильм түсіргенде көпшілік көрініске қатысатын) ойнаушы ¨We need hundreds of extras for the battle scenes. – Ұрыс көріністерін түсіру үшін бізге жүздеген ойнаушы қажет. C.adv 1.қосымша, үстеме, артық ¨to charge/pay/cost extra – қосымша төлем алу/төлеу/құн болу ¨We don't charge extra for the activities - everything is included in the admission fee. – Жаттығулар үшін үстеме ақы алмаймыз – бәрі де мүшелік жарнаға енген. ¨I need to earn a bit extra this month. – Осы айда аздап қосымша ақша тапқым келеді. ¨The rate for a room is £30, but breakfast is extra. – Бөлме құны £30, бірақ таңғы асқа қосымша төлейсіз. ¨Now even bigger! Ten per cent extra! – Қазір тіпті көп! Қосымша он процент! 2.ерекше, аса ¨You need to be extra careful not to make any mistakes. – Мүлде қателеспес үшін ерекше мұқият болуың қажет. ¨an extra large T-shirt – үлкен размерлі футболка ¨She tried extra hard. – Ол тәуір-ақ күшенді. ¨Do you have this sweatshirt in an extra large size? – Мына джемпердің үлкен размері бар ма? ¨He wanted to cook something extra special for dinner that night. – Сол күні кешкісін ол ерекше бір ас дайындағысы келген еді.
extra- [ˈekstrə] prefix 1.сырт(қы), тыс(қы) ¨extramarital sex – некеден тыс жыныс қатынасы ¨extraterrestrial beings – басқа планеталық пенделер 2. (informal) өте, аса; айрықша, ерекше ¨extra-thin – айрықша жіңішке ¨extra-special – өте арнайы