extreme [ɪkˈstriːm] A.adj 1.аса, өте, тым, ауыр ¨We are working under extreme pressure at the moment. – Қазір біз ауыр қыспақтың астында жұмыс істеудеміз. ¨people living in extreme poverty – тақыр/сіңірі шыққан кедейшілікте өмір сүретін адамдар ¨I'm having extreme difficulty in not losing my temper with her. – Оған ашуланбауым тым қиынға соғып тұр. ¨The heat in the desert was extreme. – Құмдағы ыстық сұмдық еді. 2.төтенше, тосын, айрықша; ауыр ¨Children will be removed from their parents only in extreme circumstances. – Балаларды ата-анасынан ауыр жағдайларда ғана айырады. ¨Don't go doing anything extreme like leaving the country. – Елден кету сияқты қандай да бір шектен шығар әрекет жасама. ¨It was the most extreme example of cruelty to animals I had ever seen. – Жануарларға деген осыншама қатыгездікті бұрын-соңды көрмеппін. ¨extreme weather conditions – шектен шыққан ауа райы жағдайлары 3.әсіре, нағыз, экстремистік, радикалистік (opp: moderate) ¨extreme left-wing/right-wing views – әсіре солшыл/оңшыл көзқарастар ¨an extreme nationalist organization – әсіреұлтшыл ұйым ¨Their ideas are too extreme for me. – Олардың идеялары мен үшін тым радикал/жөнсіз. 4.ең (алшақ) ¨Kerry is in the extreme west of Ireland. – Керри Ирландияның ең батысында. ¨She sat on the extreme edge of her seat. – Ол орындығының ең жиегінде отырды. ¨politicians on the extreme left of the party – партияның ең сол қанатындағы саясаткерлер B.n 1.шек, шет, өріс; кереғарлық, алшақтық ¨extremes of love and hate – сүю мен жеккөрудің кереғарлығы ¨He used to be very shy, but now he's gone to the opposite extreme. – Бұрын ұяң еді, енді мүлде басқаша болып кетіпті. 2.ең шегі, шеті ¨extremes of cold, wind or rain – есті шығаратын суық, жел және жауын ¨the climatic extremes of the mountains – таулардағы климаттық кереғарлықтар 3. (idm) *go, etc. to extremes/take sth to extremes оғаш, кереғар не шектен шығатын әрекеттерге бару ¨It's embarrassing the extremes he'll go to in order to impress his boss. – Бастығына жағамын деп оның аласұратыны/дедектейтіні ұят-ақ екен. ¨Taken to extremes, this kind of behaviour can be dangerous. – Мынандай қылық/жүріс-тұрыс сын сәттерде оңдырмайды-ау. ¨In the jungle they were driven to extremes in order to survive. – Джунглиде/Ну орманда тірі қаламыз деп олар жанталасты/арпалысты. *in the extreme (formal) өте, соншама ¨The journey would be dangerous in the extreme. – Сапар соншама қауіпті болар еді.