eye [aɪ] A.n 1.көз ¨The suspect has dark hair and green eyes. – Күдіктінің шашы - қара, көзі - көк. ¨to close/open your eyes – көзін жұму/ашу ¨to drop/lower your eyes – төмен қарау ¨There were tears in his eyes. – Көзіне жас үйіріліпті. ¨I have something in my eye. – Көзімде/Көзімнің ішінде бірдеңе бар. ¨His eyes narrowed suspiciously. – Оның көздері күдікті сығырайды/сықсиды. ¨Her eyes widened in horror. – Шошыған оның көздері шарасынан шығып кете жаздады. ¨to make/avoid eye contact with sb – бір-біріне қарасу, бір-бірінің көздері ілінісу/біреуден көзін тайдыру ¨All eyes were on him as he walked on to the stage. – Сахнада жүрген кезде жұрт тегіс оған қарады. ¨A surgeon needs a good eye and a steady hand. – Хирургтың көзі қырағы, қол мығым болуы керек. ¨He looked at the design with the eye of an engineer. – Дизайнге (кескіндемеге) ол инженердің көзімен қарады. ¨She viewed the findings with a critical eye. – Табылған (ашылған, белгілі болған) нәрселерге ол сыни көзбен қарады. ¨To my eye, the windows seem out of proportion. – Көзіме терезелер бір-бірінен өзгешелеу/бір-бірімен пропорция емес сияқты көрінеді. 2. -eyed (in adjectives) ¨a blue-eyed blonde – көгілдір көзді аққұба (бикеш), көзі көк (жасыл) аққұба ¨a one-eyed monster – жалғыз көзді құбыжық, дию 3.иненің көзі 4.(киімнің ілгегі ілінетін) сақина, көз ¨It fastens with a hook and eye. – Бұның ілгегін сақинасына орнықтырып бекітеді/мықтайды. 5.a/the ~ of a/the storm, tornado, hurricane, etc. құйынның, дауылдың ортасындағы тыныш жер 6.(картоптың өнетін жеріндегі) қарашық 7. (idm) *be all eyes үңіле, қадала, тесіле, бақырая, тағатсыздана қарау ¨The kids were all eyes as he slowly unwrapped the package. – Ол ораманы баяу ашып жатқан кезде балалар тағатсыздана қарап тұрды. *before/in front of sb's (very) eyes көз алдында ¨He had seen his life's work destroyed before his very eyes. – Өзінің өмір бойғы еңбегінің көз алдында құрып жатқанан ол көрген/көрді. *be up to your eyes in sth тым көп, бойдан асады дег мағ ¨We're up to our eyes in work. – Жұмысымыз бойдан асады. *cast/run an eye/your eyes over sth көз тастау, көз жүгірту ¨Could you just run your eyes over this report? – Мына баянатқа көз жүгірте аласың ба? *clap/lay/set eyes on sb/sth (informal) (әдетте болымсыз сөйлемдерде) көру, ұшырату ¨I haven't clapped eyes on them for weeks. – Бірнеше апта болды/бойы оларды көрмедім. ¨I hope I never set eyes on this place again! – Мына жерді енді көрмеспін деп ойлаймын! *an eye for an eye (and a tooth for a tooth) (мәтел) қанға қан, жанға жан дег мағ ¨They advocate a justice system that works on the principle of an eye for an eye. – Олар қанға қан принципіне сүйенген әділет жүйесін жақтайды. *sb's eyes are bigger than their stomach қарын тойса да көз тоймас дег мағ *for sb's eyes only тек белгілі біреудің көруі үшін ғана ¨I'll lend you the letters but they're for your eyes only. – Хаттарды бере тұрайын, бірақ өзің ғана оқисың. *get your eye in (BrE) доптың бағыты мен жылдамдығын аңдауға үйрету *have an eye for sth бірнәрсені көргіш, жақсы білетін болу ¨I've never had much of an eye for fashion. – Сәнді ешқашан пәлендей танып-білген емеспін. ¨She has an eye for a bargain. – Ол саудаласуға шебер. *have eyes in the back of your head «желкесінде көзі болу», бәрін сезіп отыру ¨You can't get away with anything in her class. She has eyes in the back of her head. – Оның сабағында босаңси алмайсың – желкесінде көзі бар. *have (got) eyes like a hawk «көзі қаршығаныкіндей болу», көзі қырағы дег мағ ¨She's bound to notice that chipped glass. The woman has eyes like a hawk! – Ана кертілген стаканды ол қайтсе де көреді. Ол әйелдің көзі қаршығаныкіндей! *have one eye/half an eye on sth ұрлана қарау, білдіртпей қарау ¨During his talk, most of the delegates had one eye on the clock. – Келіссөз кезінде делегаттардың көбі сағаттарына ұрлана қарап отырды. *have your eye on sb a) көзден таса қылмау, бағып отыру ¨And remember, I'll have my eye on you so you'd better behave. – Естеріңде болсын, көзімнен таса қалдырмаймын, сондықтан тәртіпті болыңдар. b) көз салу, емеурін таныту, жақын тарту ¨He's got his eye on the new girl in your class. – Ол класыңдағы жаңа қызға көз салып жүр. *have your eye on sth (жақсы нәрсеге) көз салу *in the eyes of the law, world, etc. заңға сай, көпшілік таныған салтқа, әдетке сай ¨In the eyes of the law she is guilty though few ordinary people would think so. – Заң жүзінде ол кінәлі, алайда жұрттың көпшілігі олай ойламайды. *in sb's eyes (BrE also to sb's eyes) біреудің пікіріне сай, көзқарасы бойынша ¨She can do no wrong in her father's eyes. – Әкесінің пікірінше, ол ешбір қателік істемейді. ¨To Western eyes, it may seem that the city is overcrowded. – Батыс европалықтардың көзіне қалада адам тым көп тұратындай көрінетін шығар. *keep an eye on sb/sth қамқор болу, күту ¨We've asked the neighbours to keep an eye on the house for us while we are away. – Көршілерімізден тыста болған кезімізде үйімізге қарай тұруларын өтіндік. *keep an eye open/out (for sb/sth) қырағы, сақ болу, байқау ¨Police have asked residents to keep an eye out for anything suspicious. – Полиция тұрғындардан кез-келген күдікті нәрселерді байқап жүрулерін өтінді. *keep your eye on the ball әліптің артын бағу, қадағалап отыру *keep your eyes peeled/skinned (for sb/sth) үңіле, барлай қарау ¨We kept our eyes peeled for any signs of life. – Қандай да бір тіршіліктің нышаны бар ма екен деп біз барлай қарадық. *look sb in the eye(s)/face біреудің бетіне, көзіне тура қарау ¨Can you look me in the eye and tell me you're not lying? – Бетіме/Көзіме тура қарап тұрып өтірік айтып тұрмағаныңды айта аласың ба? ¨I'll never be able to look her in the face again! – Енді ешқашан оның бетіне/көзіне тура қарай алпаспын! *make eyes at sb/give sb the eye біреуге көз салу, ынтыға, құмарта қарау ¨He's definitely giving you the eye! – Ол шынымен де сенен көзін алмай жүр ғой! *my eye! (BrE, old-fashioned, informal) сенбеймін дег мағ ¨‘It's an antique.’ ‘An antique, my eye!’ – «Мынау антикалық/ежелгі заманғы нәрсе». «Антикалық дейді, қойшы тегі!» *not see eye to eye with sb (on sth) пікірлері алшақ, қайшы болу ¨The two of them have never seen eye to eye on politics. – Саясатқа келгенде олар бір-бірінен қашқақтайды. *not (be able to) take your eyes off sb/sth (біреуден, бірн-ден) көз ала, айыра алмау *one in the eye (for sb/sth) (informal) «көзге шыққан сүйел», реніштің, жеңілістің нышаны ¨The appointment of a woman was one in the eye for male domination. – Әйелдің тағайындалуы еркек үстемдігінің көзіне шыққан сүйел еді. *only have eyes for/have eyes only for sb біреуді ғана сүю ¨He's only ever had eyes for his wife. – Оның есіл дерті әйелі болды. *see, look at, etc. sth through sb's eyes өзін біреудің орнына ойша қою, біреудің кейпінде болу ¨Try looking at it through her eyes for a change. – Өзгеріс үшін бұл нәрсеге оның көзімен қарап көргін. ¨Events are seen through the eyes of a Polish refugee. – Оқиғалар поляк босқынының көзімен суреттеледі. *shut/close your eyes to sth көрмегенсу, байқамағансу ¨You can't just close your eyes to his violence. – Оның тентектігін/содырлығын көрмегенсуге болмайды. ¨They seem intent on shutting their eyes to the problems of pollution. – Олар айналаның ластану проблемаларын байқамағансығысы келетін сияқты. *take your eye off the ball маңызды нәрсеге көңіл бөлуін доғару *under the (watchful) eye of sb біреудің жіті қадағасында, бақылауында ¨The children played under the watchful eye of their father. – Балалар ойнаған кезде әкелері жіті бақылап тұрды. *what the eye doesn't see (the heart doesn't grieve over) (saying) көзде жоқ болса көңілде де жоқ болады, білмеген нәрсеге мән бермейді ¨What does it matter if I use his flat while he's away? What the eye doesn't see…! – Ол шет жақта жүрген кезде пәтерін пайдалансам не болады? Оған білмеген соң бәрібір емес пе...! *with an eye for/on/to the main chance (BrE, usually disapproving) бір жағдайды өзіне оңтайлы, ұтымды пайдалануға дәмелену *with an eye to sth/to doing sth бірнәрсе істемек ниетпен ¨He bought the warehouse with an eye to converting it into a hotel. – Ол қойманы қонақ үйге айналдырсам деген ниетпен сатып алды. *with your eyes open мән-жайға қанық бола, жағдайды түсіне ¨I went into this with my eyes open so I guess I only have myself to blame. – Мен бұл іске мән-жайды ұға отырып бардым, сондықтан мен өзімді ғана кінәлауым керек сияқты. *with your eyes shut/closed көзін жұмса да істей алады дег мағ ¨I've made this trip so often, I could do it with my eyes shut. – Бұл сапарда талай рет болғанмын, көзімді жұмып-ақ жүре беремін. B.v (eyeing or eying, eyed, eyed) ~ sb/sth (бірнәрсе сұрай не күдіктене) қарау ¨to eye sb suspiciously – біреуге күдікпен қарау ¨He couldn't help eyeing the cakes hungrily. – Торттарға көзінің қызара қарауын ол тыя алмады. ¨They eyed us with alarm. – Олар бізге қобалжи қарады. 8. (phr v) *eye sb up (informal) ынтыға, құмарта қарау