eyeball [ˈaɪbɔːl] A.n 1.көз алмасы (көздің бүткіл өзі) 2. (idm) *eyeball to eyeball (with sb) көз тақаса (сөйлесу, т.с.с.); бір-біріне екілене, ажырая, бедірейе қарау ¨The protesters and police stood eyeball to eyeball. – Наразылар мен полиция бір-бірлеріне бедірейе қарап тұрды. ¨an eyeball-to-eyeball confrontation – бір-біріне ажырая егесу *be up to your eyeballs in sth жұмысқа белшесінен бату ¨They're up to their eyeballs in work. – Жұмыстарында сіңбіруге/түкіруге мұршалары болмай жатыр. B.v ~ sb/sth (informal) тура қарау; бедірейе, ажырая қарау ¨They eyeballed each other across the room. – Олар бір-біріне бөлменің екі шетінен ажырая қарасты.