face [feɪs] A.n 1.бет, жүз, ажар, дидар, кейіп, келбет, кескін, көрік, өң, түр, түс, шырай, тұрпат ¨a pretty/round/freckled face – өңді/дөңгелек жүзді/секпіл бет ¨He buried his face in his hands. – Ол жүзін алақандарымен жапты. ¨You should have seen the look on her face when I told her! – Оған айтқан кезімдегі оның сұрқын/өңін көрсең ғой! ¨The expression on his face never changed. – Оның кейпі өзгерген емес. ¨At that time, her face was on the covers of all the magazines. – Сол кезеңде оның жүзі барлық журналдың мұқабасынан көрінетін. 2.кейіп, ажар, жүз, дидар, тұрпат ¨Her face lit up when she spoke of the past. – Бұрынғысы жайлы айтқанда өңіне нұр кірді. ¨His face fell when he read the headlines. – Газетке көз жүгірткенде жағы су алды. ¨Sue's face was a picture as she listened to her husband's speech. – Күйеуінің сөзін тыңдап отырған кезде Сьюдің дидары алаулап отырды. 3. -faced -жүзді, -бетті ¨pale-faced – аққуаша/аққұбаша ¨grim-faced – беті тыжырыңқы 4. кісі, жүз, адам ¨She looked around for a familiar face. – Ол айналасынан таныс біреуді іздеді. ¨a well-known face on our television screens – теледидар экранымыздағы жақсы таныс жүз/кісі ¨It's nice to see some new faces here this evening. – Мына кеште біраз кісілермен танысуға ризамыз. ¨I'm fed up of seeing the same old faces every time we go out! – Бір жаққа барған сайын сол баяғы кісілерді қайта-қайта көріп мезі болдым. 5.бет, жақ, қаптал ¨the north face of the mountain – таудың сол жақ баурайы ¨The birds build their nests in the rock face. – Құстар ұяларын жартастың үстіне салады. ¨Ivy covered the front face of the house. – Шырмауық үйдің алдын жапты. ¨How many faces does a cube have? – Кубтың/Текшенің қанша жағы бар? 6.сағаттың беті 7. ~ of sth жүз, сұрық, келбет ¨the changing face of Britain – Британияның өзгеріп бара жатқан келбеті ¨the unacceptable face of capitalism – капитализмнің жиіркенішті келбеті 8. (idm) *disappear/vanish off the face of the earth жойылу, жоғалу ¨Keep looking - they can't just have vanished off the face of the earth. – Іздей бер – олар жер астына түсіп кеткен жоқ шығар. *sb's face doesn't fit көңілге жақпау дег мағ ¨It doesn't matter how well qualified you are, if your face doesn't fit, you don't stand a chance. – Әңгіме біліктілігіңнің көптігінде емес, көңілге жақпасаң ешбір мүмкіндігің жоқ. *sb's face is like thunder/sb has a face like thunder түтіккен, ызаланған *face to face (with sb) бетпе-бет ¨The two have never met face to face before. – Екеуі бұрын-соңды бір-бірімен бетпе-бет келген емес. ¨The room fell silent as she came face to face with the man who had tried to kill her. – Ол өзін өлтіргісі келген адаммен бетпе-бет келген кезде бөлме жым-жырт болды. *face to face with sth бірнәрсемен бетпе-бет келу ¨She was at an early age brought face to face with the horrors of war. – Ол ерте жастан соғыстың сұмдықтарымен бетпе-бет келді. *face up/down a) (кісі ж) беті жоғары/төмен қарай ¨She lay face down on the bed. – Ол төсекте етпетінен жатты. b) (зат ж) жоғары/төмен қарата, қарай ¨Place the card face up on the pile. – Картаны үйменің үстіне бетін жоғары қарата қой. *have the face to do sth (BrE, informal) дәті бару, ұялмау ¨I don't know how you have the face to complain after everything they've done for you! – Олар сен үшін қолынан келгенін аямады ғой, енді келіп қай бетіңмен шағымданасың! *in sb's face (NAmE, informal) сынағыштап, ақыл айтып ығырын шығару *in the face of sth a) қиындыққа, т.с.с. қарамастан ¨She showed great courage in the face of danger. – Қатерден тайсалмай ол өжет қимылдады. ¨The campaign continued in the face of great opposition. – Ірі наразылыққа қарамастан науқан жалғасты. b) нәтижесінде ¨He was unable to deny the charges in the face of new evidence. – Жаңа айғақпен бетпе-бет келгенде ол айыптауларды терістей алмады. *lose face абыройын айрандай ету, беделін жоғалту, масқара болу (syn: be humiliated) *on the face of it (informal) пәлендей болып көрінгенімен, былай алып қарағанда дег мағ ¨On the face of it, the problem seems minor. – Былай алып қарағанда, мәселе титтей болып көрінеді. ¨On the face of it, the trip seems quite cheap, but there could be extra expenses we don't know about yet. – Былай алып қарағанда, саяхат әжептәуір арзан болып көрінгеніменен, біз әлі біле қоймаған қосымша шығындардың болуы мүмкін. *pull/make faces/a face (at sb) a) бетін тыжырайтып келекелеу, сайқымазақтану ¨Mother, Billy made a face at me! – Анашым, Билли мені келекеледі. ¨The teacher sent Jane to the principal for making a face in class. – Мұғалім Джейнді класта бетін тыжырайтып сайқымазақтанғаны үшін директорға жіберді. b) (жақтырмай) тыжырыну, тыжыраю, тұштию, кегжию ¨She made a face like she'd eaten a lemon. – Ол тап/тура бір лимон жегендей бетін тыжырайтты. ¨'I hate pepperoni pizza!' he said, making a face. – «Пепперони пиццаны жек көремін!», деді ол тұштиа. *put your face on (informal) бетін опалау, әрлеу, бояу *set your face against sb/sth (especially BrE) қарсы болатын болу ¨Her father had set his face against the marriage. – Әкесі некеге қарсы болатын болды. *to sb's face тура бетіне айту, біреуге айтып салу ¨He's a liar, and I've told him so to his face many times. – Ол – суайт және бұны мен оның бетіне талай рет айтқанмын. *what's his/her face (informal) аты, есімі кім еді дег мағ ¨Are you still working for what's her face? – Сен анаған, аты кім еді, әлі істеп жүрсің бе? B.v 1.бетпе-бет келу, ұшырасу, қарау, кезігу ¨~ sb/sth She turned and faced him. – Ол бұрылып, онымен ұшырасты. ¨Most of the rooms face the sea. – Бөлмелердің көпшілігі теңізге қарайды. ¨The terrace faces south. – Терраса оңтүстікке қараған. ¨a north-facing wall – солтүстікке қараған қабырға/дуал ¨Stand with your feet apart and your hands facing upwards. – Аяқтарыңды бір-бірінен алшақ қоя, ал қолдарыңды жоғары қарата ұстай тұр. ¨Which direction are you facing? – Қай бағытқа қарап/беттей тұрсың? 2.кезігу, бетпе-бет келу, ұшырасу, тура келу ¨~ sth the problems faced by one-parent families – жалғыз ата-аналы отбасылар кезіккен проблемалар ¨The company is facing a financial crisis. – Компания қаржы дағдарысына кезікті. ¨be ~d with sth She's faced with a difficult decision. – Оған қиын шешім қабылдауға тура келіп тұр. 3.~ sth көндігу, көну, бой ұсыну, мойындау ¨It's not always easy to face the
truth. – Шындыққа көндігу/көзді ашып қарау ылғи да оңай емес. ¨She had to face
the fact that her life had changed forever. – Өмірінің мәңгіге өзгергендігіне амалсыз көнуге тура келді. ¨Face facts - she isn't coming back. – Көзіңді аш – ел енді қайта оралмайды. ¨Let's face it, we're not going to win. – Турасын айталық, жеңетін шамамыз жоқ/жеңейін деп тұрған жоқпыз. 4.беттей алмау, істеуге, т.с.с. шамасы болмау ¨~ sth I just can't face work today. – Бүгін жұмысқа беттей алмай тұрмын. ¨~ doing sth I can't face seeing them. – Оларды көруге шамам жоқ. 5.~ sb беттеу, ұшырасу, кезігу ¨How can I face Tom? He'll be so disappointed. – Томға қалай беттей/Томды қалай көре алар екенмін? Сондай ренжитін болды. 6. ~ sth with sth жабу, қаптау, төсеу ¨a brick building faced with stone – таспен қапталған кірпіш ғимарат 7. (idm) *face the music (informal) көну, бой ұсыну, көндігу ¨The others all ran off, leaving me to face the music. – Қалғандары қашып кетіп, мені қалдырды пәлемен беттестіріп. 8. (phr v) *face sb down (біреуді) түқырту, мұқалту, бетін қайтару ¨The speaker faced down the opponent in a debate. – Шешен (сөйлеуші) айтыс кезінде өз қарсыласын тұқыртты. ¨The soldiers faced the enemy down. – Жауынгерлер/Солдаттар жаудың бетін қайтарды. *face off (especially NAmE) 1.ойынды бастау ¨Both teams are ready to face off. – Екі команда да сайысты бастауға әзір. 2.сайысқа, т.с.с. әзір, дайын болу ¨The candidates are preparing to face off on TV tonight. – Кандидаттар/Үміткерлер кешкі телешайқаста сайысуға әзірленуде. *face up to sth көну, көндігу, бой ұсыну ¨She's going to have to face up to the fact that he's not going to marry her. – Оған оның өзіне үйленбейтін ниетіне бой ұсынуға тура келеді. ¨You have to face up to your responsibilities. – Өз жауапкершіліктеріңе/міндеттеріңе көндігуің қажет.