fact [fækt] n 1. ~ (that…) факт, жайт, нақты жағдай ¨I could no longer ignore the fact that he was deeply unhappy. – Оның сондай бақытсыз екеніне одан әрі көз жұма алмадым. ¨Despite the fact that she was wearing a seat belt, she was thrown sharply forward. – Машинада белдік тағынып отырса да оны кілт алға лақтырыпты. ¨Due to the fact that they did not read English, the prisoners were unaware of what they were signing. – Ағылшын тілін оқи алмағандықтан түрмедегілер/тұтқындар қандай ән айтып тұрғандарын білмеген. ¨She was happy apart from the fact that she could not return home. – Ол бақытты еді, тек үйіне орала алмады. ¨How do you account for the fact that unemployment is still rising? – Жұмыссыздықтың әлі өсе түсіп отырғандығын қалай түсіндіресің? ¨The fact remains that we are still two teachers short. – Бізге әлі де екі мұғалімнің жетіспейтінін факт болып қалып отыр. ¨The mere fact of being poor makes such children criminals in the eyes of the police. – Бұл балалардың кедей болғанының өзі оларды полицияға қылмыскер етіп көрсетеді. 2.факт, жайт, нақты жағдай ¨Isn't it a fact that the firm is losing money? – Фирманың шығынға ұшырап жатқаны факті/нақты жағдай емес пе? ¨(informal) I haven't spoken to anyone in English for days and that's a fact. – Бірнеше күн бойы бір жанға ағылшын тілінде сөйлемедім, шынымен де. ¨I know for a fact that she's involved in something illegal. – Оның бір теріс нәрселермен айналысып жүргеніне көзім жетеді. ¨The judge instructed both lawyers to stick to the facts of the case. – Судья екі адвокатқа да іс бойынша фактілерден алшақтамауға нұсқады. ¨First, some basic facts about healthy eating! – Ең алдымен, дұрыс тағамдану жайлы негізгі фактілер! ¨The report is based on hard facts. – Баяндама нақты фактілерге сүйенген. ¨If you're going to make accusations, you'd better get your facts right. – Айыптайын десең алдымен фактілеріңді түзе. ¨It's about time you learnt to face (the) facts. – Фактілерге тура қарайтындай халге жететін уақтың болды. ¨The story is based on fact. – Әңгіме нақты фактілерге сүйенген. ¨It's important to distinguish fact from fiction. – Шындықты өтіріктен ажыратып алған маңызды. 3. (idm) *after the fact болары/болар іс болғаннан кейін, артынан дег мағ ¨On some vital decisions employees were only informed after the fact. – Кейбір маңызды шешімдер жайлы қызметкерлер соңынан/артынан құлақтандырылады. *the fact (of the matter) is (that)… іс жүзінде, шындап келгенде, турасын айтқанда дег мағ ¨A new car would be wonderful but the fact of the matter is that we can't afford one. – Жаңа машина тамаша болушы/болар еді, дегенмен шындап келгенде оған шамамыз жоқ. *a fact of life өмір шындығы ¨It's a fact of life that some people will always be racist. – Кейбір адамдардың қашан да нәсілшіл болатыны - өмір шындығы. *facts and figures фактілер мен сандар, дерек, мәлімет ¨I've asked to see all the facts and figures before I make a decision. – Шешімімді шығармас бұрын барлық фактілер мен деректерді қарап шығуды өтіндім. *the facts of life балаларға жыныс қатынасы және сәбилердің қалай дүниеге келетіні жайлы айту *the facts speak for themselves фактілер, деректер өзі айтады/ айтып тұр/ көрсетіп тұр *in (actual) fact a) шынында, ақиқатында ¨I used to live in France; in fact, not far from where you're going. – Францияда тұрғанмын, шынында, сен бара жатқан жерден алыс емес. b) шындап келгенде, іс жүзінде ¨I thought the work would be difficult. In actual fact, it's very easy. – Жұмыс қиын болатын шығар деп ойлағанмын. Шындап келгенде, оп-оңай болып шықты. *Is that a fact? (informal) шын ба, шынымен де солай ма, солай ма екен дег мағ ¨‘She says I'm one of the best students she's ever taught.’ ‘Is that a fact?’ – «Ол маған өзі оқытқан студенттердің ішіндегі ең үздіктерінің бірісің, дейді». «Солай ма екен!»