fail [feɪl] A.v 1.сәтсіздікке ұшырау, сүріну ¨Many diets fail because they are boring. – Көптеген диеталардың сүрінетін себебі, олар – жалықтырады. ¨a failing school – құлдыраған мектеп ¨~ in sth I failed in my attempt to persuade her. – Оны көндірмек болған әрекетім босқа кетті. ¨~ to do sth She failed to get into art college. – Ол өнер колледжіне түсе алмай қалды. ¨The song can't fail to be a hit. – Мына ән қайтсе де һіт (хит) болады. 2.әдетінен, дағдысынан жаңылмау ¨~ to do sth He failed to keep the appointment. – Ол тағайындалған уақтында келмеді. ¨She never fails to email every week. – Ол әр апта сайын э-почта жіберіп тұрады. ¨I fail to see why you won't even give it a try. – Мынаны неге әшейін байқап көрмейтініңе таңғаламын. ¨~ in sth He felt he would be failing in his duty if he did not report it. – Егер ол бұл жайында айтпаса міндетін дұрыс атқармағандай сезінді. 3.сынақтан сүріну, емтиханнан құлау (opp: pass) ¨~ (sth) He failed his driving test. – Ол жүргізу сынағынан сүрінді. ¨She was disqualified after failing a drugs test. – Допинг-тестен сүрінген соң оны жарыстан шығарып тастады. ¨What will you do if you fail? – Құласаң не істейсің? ¨~ sb The examiners failed over half the candidates. – Сынақшылар/Емтихан алушылар кандидаттардың жартысынан көбін құлатты. 4.сыну, бұзылу ¨The brakes on my bike failed half way down the hill. – Төбеден еңіске қарай жарты жолда велосипедімнің тормозы құрыды. 5.әлсіреу, нашарлау ¨Her eyesight is failing. – Көзі нашарлауда. ¨His last months in office were marred by failing health. – Қызметіндегі соңғы айларда денсаулығы болмай, титықтады. 6. ~ sb үмітін ақтамау, ренжіту, ұятқа қалдыру ¨When he lost his job, he felt he had failed his family. – Жұмысын жоғалтқан кезде отбасын жерге қаратқандай сезінді. ¨She tried to be brave, but her courage failed her. – Қомданып-ақ/Өжеттеніп-ақ еді, дәті шыдамады. ¨(figurative) Words fail me. – Айтарға сөзім жоқ. 7.ойдағыдай, күткендегідей болмау ¨The crops failed again last summer. – Өткен жазда астық тағы да нашар шықты. ¨The rains had failed and the rivers were dry. – Жауын жаумай, өзен(дер) құрғады. 8.құлдырау, сүріну ¨Several banks failed during the recession. – Тоқырау кезінде бірнеше банк жабылды. 9.(idm) *if all else fails тіпті болмаса/болмай бара жатса дег мағ ¨If all else fails, you can always sell your motorbike. – Тіпті болмаса, қашан да мотоцикліңді сатсаң болады ғой. B.n 1.сынақтан сүріну, емтиханнан құлау (opp: pass) ¨I got three passes and one fail. – Үшеуінен өтіп, біреуінен сүріндім. 2. (idm) *without fail 1.бұлжытпай, тура дег мағ ¨I want you here by two o'clock without fail. – Мен сені бұл жерде тура сағат екіде көргім келеді. 2.ылғи да, әрқашан ¨He emails every week without fail. – Ол ылғи да апта сайын э-почта жазып тұрады.