faint [feɪnt] A.adj (~er, ~est) 1.күңгірт, көмескі; еміс-еміс, әрең, әлсіз, болмашы, нашар ¨a faint glow/glimmer/light – болмашы алаулаған жарық/көмескі сәуле/күңгірт жарық ¨a faint smell of perfume – әтірдің білінер-білінбес иісі ¨We saw the faint outline of the mountain through the mist. – Тұман арасынан таудың көмескі сұлбасын көрдік. ¨We could hear their voices growing fainter as they walked down the road. – Жолмен алыстап бара жатқан олардың даусының көмескілене түскенін біз ести алдық. ¨His breathing became faint. – Ол білінер-білінбес дем ала бастады. 2.болмашы, жоқтың қасы, мардымсыз (syn: slight) ¨There is still a faint hope that she may be cured. – Оның айығып кететініне болмашы болса да үміт бар. ¨They don't have the faintest chance of winning. – Олардың болмашы болса да жеңетін мүмкіндігі жоқ. 3.әлсіз, әншейін ¨a faint show of resistance – қарсыласқан болу ¨a faint smile – күлген болу 4.әлі құрыған, қалжыраған, есеңгіреген, мәңгірген, талықсыған ¨She suddenly felt faint. – Ол аяқ астынан мәңгірді де қалды. ¨The walkers were faint from hunger. – Жүргіншілердің аштықтан құры сүлдері қалған. 5. (idm) *not have the faintest (idea) (informal) мүлде білмеу ¨I didn't have the faintest idea what you meant. – Сенің нені меңзегеніңді ұқсам бұйырмасын. ¨He didn't have the faintest idea how the others would react. – Басқаларының не айтатынын ол мүлде білмеді. B.v естен тану, талып қалу, талмаусырау, талықсу, мәңгіру (syn: pass out) ¨to faint from hunger – аштықтан естен тану ¨Suddenly the woman in front of me fainted. – Кенет алдымда тұрған әйел талып қалды. ¨I'm nearly fainting with the heat in here. – Мына ыстықтан естен танайын деп тұрмын. ¨(informal) I almost fainted when she told me. – Бұны ол маған айтқанда талып қала жаздадым. C.n ессіздік, талып қалушылық ¨He fell to the ground in a dead faint. – Ол есінен мүлде айырылып жерге гүрс ете құлады.