fair [feə(r)] A.adj 1.дұрыс, лайықты, әділ, орынды, жөн(ді) (opp: unfair) ¨a fair deal/wage/price/question – дұрыс байлам/жалақы/баға/сұрақ ¨The punishment was very fair. – Жаза лайықты болды ¨In the end, a draw was a fair result. – Ақырында, тең ойын әділ нәтиже болды. ¨I give you fair warning, I'm not always this generous. – Саған дұрыстап ескертейін, мен ылғи да осындай жомарт емеспін. ¨~ to sb (to do sth) Was it really fair to him to ask him to do all the work? – Оның одан барлық істі тындыруын өтінгені шынымен де орынды ма? ¨~ on sb (to do sth) It's not fair on the students to keep changing the timetable. – Сабақ кестесін өзгерте беру студенттер үшін қолайлы емес. ¨~ to do sth It's only fair to add that they were not told about the problem until the last minute. – Оларға соңғы сәтке дейін проблема жайлы айтылмағанын айта кеткен жөн. ¨I think it is fair to say that they are pleased with this latest offer. – Олардың соңғы ұсынысқа көңілі толатынын айта кеткен жөн. ¨~ that… It seems only fair that they should give us something in return. – Олардың бізге қарымта ретінде бірдеңе бергені жөн сияқты. ¨To be fair, she behaved better than we expected. – Турасын айтсақ, біз ойлағандай емес ол өзін-өзі дұрыс ұстады. ¨(especially BrE) ‘You should really have asked me first.’ ‘Right, okay, fair comment.’ – «Алдымен менен шынымен де сұрап алуың керек еді». «Жақсы, дұрыс айтасың». 2.әділ, тура, дұрыс; адал, әдепті, инабатты, тәуір (opp: unfair) ¨She has always been scrupulously fair. – Ол қашан да өте мұқият. ¨demands for a fairer distribution of wealth – дәулетті әділ бөлуге талап қою ¨~ (to sb) We have to be fair to both players. – Екі ойыншыға да әділ болуымыз керек. ¨to receive a fair trial – сотта ісін әділдікпен қарау ¨free and fair elections – еркін әрі әділ сайлау ¨It's not fair! He always gets more than me. – Бұл дұрыс емес! Ол ылғи да менен көп алады. ¨The new tax is fairer than the old system. – Қазіргі салық ескі жүйеге қарағанда әділірек/дұрысырақ. ¨They are fair and decent employers. – Олар - тәуір әрі әдепті жұмыс берушілер/басқарушылар. ¨his vision of a fairer, kinder society – оның әділ де әдепті/инабатты қоғам хақындағы көзқарасы 3.әжептәуір, айтарлықтай, кәдімгідей, біршама ¨A fair number of people came along. – Әжептәуір кісі жиналды. ¨a fair-sized town – көлемі әжептәуір кент ¨We've still got a fair bit to do. –Тындыратын біршама шаруамыз бар. ¨My birthday's still a fair way off. – Туған күніме дейін біршама уақыт бар. 4. (especially BrE) әжептәуір жақсы ¨There's a fair chance that we might win this time. – Бұл ойынды ұтатын тәп-тәуір мүмкіндігіміз бар. ¨It's a fair bet that they won't turn up. – Олардың келмейтініне бәс тігемін. ¨I have a fair idea of what happened. – Не болғанын біршама түсінемін. ¨His knowledge of French is only fair. – Оның қажетке жарарлық французшасы бар. 5.аққұба, аққуаша, аққұбаша, ақсары, ақ (opp: dark) ¨a fair complexion – аққұба жүзді ¨She has long fair hair. – Оның ұзын ақсары шашы бар. ¨All her children are fair. – Оның балаларының бәрі де аққұба/ақсары. 6.жақсы, тәуір (ауа райы) (syn: fine) ¨a fair and breezy day – ашық та самалды күн ¨The day was set fair with the spring sun shining down. – Көктемгі күн көктен сәуле шашып күн жақсы басталды. 7. (literary) (жел ж) әжептәуір, біршама ¨They set sail with the first fair wind. – Есе соққан алғашқы желмен олар желкен керді/жүзе бастады. 8. (literary or old use) әдемі ¨a fair maiden – әдемі бойжеткен 9. (idm) *all's fair in love and war (saying) мақсатқа жету үшін не істесе де болады дег мағ *be fair! (informal) тура бол! әділ бол! дег мағ ¨Be fair! She didn't know you were coming. – Тура қара/Артық кетпе! Келетініңді ол білген емес. *by fair means or foul дұрыс болса да, бұрыс болса да дег мағ ¨She's determined to win, by fair means or foul. – Дұрыс болса да, бұрыс болса да ол әйтеуір жеңіп шығуға бел буды. *a fair crack of the whip (BrE, informal) оңтайлы сәт, мүмкіндік ¨I felt we weren't given a fair crack of the whip. – Бізге оңтайлы мүмкіндік бермегенін сездім. *fair enough (informal, especially BrE) жөн, қисынды, жарайды, бопты дег мағ ¨‘We'll meet at 8.’ ‘Fair enough.’ – “Сағат 8-де кездесеміз». «Бопты». ¨If you don't want to come, fair enough, but let Bill know. – Келгің келмесе, жарайды, бірақ Билл білетін болсын. *fair's fair (informal) (BrE also fair dos/do's) болды, жарайды жетеді дег мағ ¨Fair's fair - you can't expect them to cancel everything just because you can't make it. – Болды енді – саған бола олар бәрін де өзгертпейтін шығар. ¨Come one, fair dos - you've had your chance, now let me try. – Жә, болды енді, бағыңды сынап көрдің, енді кезекті маған бергін. *(give sb) a fair hearing біреуге баяндауға, айтуға мүмкіндік беру ¨I'll see that you get a fair hearing. – Саған сөз бергізуге тырысып көремін. *(give sb/get) a fair shake (NAmE, informal) тең, бірдей қарау, тең мүмкіндіктер жарату ¨Are minority students getting a fair shake at college? – Ұлттық азшылық студенттеріне колледжде тең қарап жатыр ма? *(more than) your fair share of sth «өзіне тиесілі үлесінен де көп», тиісті, қажетті мөлшерден де көп ¨He has more than his fair share of problems. – Оның өз проблемалары бір өзіне жетіп артылады. ¨I've had my fair share of success in the past. – Бұрындары табысқа молынан кенеліп жүрдім. *fair to middling (old-fashioned) орта(ша), біршама, шүкір дег мағ ¨‘How are you feeling today?’ ‘Oh, fair to middling.’ – «Бүгінгі халің қалай?» «Болады, шүкір». *it's a fair cop (BrE, informal, humorous) жаңылыптық, қателік жасаппыз дег мағ ¨It's a fair cop. I was driving way too fast. – Жә, енді, жаңылыптық. Тым қатты айдап келе жатқанмын. ¨I'm annoyed about the speeding ticket, but it's a fair cop. – Қатты айдағаны үшін айыппұл қытыққа тигенмен, ол – дұрыс. B.adv 1.ережеге сай, мінезі мен қимылы дұрыс ¨Come on, you two, fight fair! – Оу, екеуің, дұрыстап айқассаңдаршы! ¨They'll respect you as long as you play fair. – Дұрыс жүріп-тұрсаң олар құрметтейді. 2. (idm) *fair and square/fairly and squarely a) тура, әділ ¨We won the election fair and square. – Сайлауды әділ жеңіске жеттік. b) (BrE) төтесінен, тура ¨I told him fair and square to pack his bags. – Оған төтесінен жинал дедім. c) (BrE) діттеген жерден, көздеген нысанадан ¨I hit the target fair and square. – Нысанаға дөп тидім. *set fair (to do sth/for sth) (BrE) табысқа жету үшін барлық қасиеттері мен жағдайлары болу ¨She seems set fair to win the championship. – Ол чемионатты жеңуге әзір сияқт көрінеді. ¨Conditions were set fair for stable economic development. – Тұрлаулы экономикалық даму үшін жағдайлар әзір еді. C.n 1. (BrE also funfair) (NAmE also carnival) аттракцион, тамаша ¨Let's take the kids to the fair. – Балаларды аттракционға алып баралық. ¨all the fun of the fair – атрракционның қызығы 2. (NAmE) жәрмеңке, көрме ¨the county/state fair – аудандық/аймақтық жәрмеңке/көрме 3. (BrE) = fête 4.жәрмеңке ¨a world trade fair – дүниежүзілік сауда жәрмеңкесі ¨a craft/a book/an antique fair – қолоөнер/кітап/антикалық заттар жәрмеңкесі 5. (BrE) (бұрындары) мал базары ¨a horse fair – жылқы базары 6.job/careers ~ жұмыс жәрмеңкесі