faith [feɪθ] n 1. ~ (in sb/sth) сенім ¨I have great faith in you - I know you'll do well. – Саған/Сізге деген сенімім мол – жақсы тындыратының(ыз)ды білемін. ¨We've lost faith in the government's promises. – Үкіметтің уәделеріне сеніміміз жоғалды. ¨Her friend's kindness has restored her faith in human nature. – Досының мейірімділігі өзінің адам затына деген сенімін қалпына келтірді. ¨He has blind faith in doctors' ability to find a cure. – Ол дәрігерлер ем таба алады деп көз жұма сенеді. 2. иман, наным, діни сенім ¨to lose your faith – сенімінен/ иманынан айну ¨Faith is stronger than reason. – Иман/Наным - санадан мықтырақ. 3.дін ¨the Christian faith – христиан діні ¨The children are learning to understand people of different faiths. - Балалар түрлі діндерді ұстанатын адамдарды түсінуге үйренуде. 4. good ~ ізгі ниет, оң пейіл, пиғыл ¨They handed over the weapons as a gesture of good faith. – Олар қаруларын ізгі ниет белгісі/көрінісі ретінде тапсырды. 5. (idm) *break/keep faith with sb опасыздық жасау, сатқындық жасау; уәдесінен айну *in bad faith риялықпен, арамзалықпен, теріс пиғылмен *in good faith ізгі ниетпен, оң пейілмен ¨We printed the report in good faith but have now learnt that it was incorrect. – Баяндаманы оң пейілмен-ақ басып едік, енді оның дұрыс болмағанын біліп отырмыз. ¨He bought the painting in good faith. – Суретті/Картинаны ол оң пейілмен сатып алған болатын.