fall [fɔːl] A.v (fell [fel], fallen [ˈfɔːlən]) 1.құлау, түсу, құлап түсу ¨September had come and the leaves were starting to fall. – Қыркүйек келіп, жапырақтар түсе бастаған еді. ¨They were injured by falling rocks. – Оларды құлаған тастар жаралады. ¨Several of the books had fallen onto the floor. – Кітаптың бірнешеуі еденге құлады. ¨One of the kids fell into the river. – Балалардың біреуі/бірі өзенге құлады. ¨The handle had fallen off the drawer. – Тартпаның тұтқасы түсіп қалған еді. ¨He fell 20 metres onto the rocks below. – Ол 20 метр төмендегі жартасқа құлады. ¨The rain was falling steadily. – Жаңбыр бірқалыпты жауып тұрған. ¨She slipped on the ice and fell. – Аяғы мұзда тайып кетіп барып құлады. ¨I fell over and cut my knee. – Құлап түсіп, тіземді қанаттым. ¨The house looked as if it was about to fall down. – Үй құлаудың алдында тұрғандай көрінді. 2. (шаш, мата ж) түсіп тұру ¨Her hair fell over her shoulders in a mass of curls. – Оның қою бұйра шаштары йықтарына төгіліп тұрды. 3.~ (away/off) төмендеу, еңістеу, ылдилау ¨The land falls away sharply towards the river. – Өзенге қарай жер күрт ылдилай/еңістей түседі. 4.құлау, азаю, түсу (opp: rise) ¨Their profits have fallen by 30 per cent. – Олардың табысы 30 процентке түсті. ¨Prices continued to fall on the stock market today. – Қор биржасында бүгін бағалар құлауын жалғастырды. ¨The temperature fell sharply in the night. – Түнде температура күрт түсті. ¨falling birth rates – азайып бара жатқан туу деңгейі ¨Her voice fell to a whisper. – Оның даусы бәсеңдеп сыбырға айналды. ¨ Share prices fell 30p. – Акция/Үлес бағалары 30 пенске түсті. 5.құлау, тұтылу ¨The coup failed but the government fell shortly afterwards. – Төңкеріс сәтсіз болғанымен үкімет көп ұзамай құлады. ¨~ to sb Troy finally fell to the Greeks. – Ақырында Троя гректерге тізе бүкті. 6. (literary) қаза табу, шейіт (шаһид) болу ¨a memorial to those who fell in the two world wars – екі дүниежүзілік соғыста шаһид (шейіт) болғандарға арналған мемориал/ескерткіш 7. ¨He had fallen asleep on the sofa. – Ол диванда ұйықтап қалды. ¨The book fell open at a page of illustrations. – Кітаптың иллюстрациялары бар беті ашыла құлады. ¨The room had fallen silent. – Бөлме жым-жырт бола қалды. ¨She fell ill soon after and did not recover. – Содан соң ол науқастанып, оңалмады. ¨~ into sth I had fallen into conversation with a man on the train. – Поезда бір кісімен әңгімеге беріліп кетіппін/бас қойыппын. ¨The house had fallen into disrepair. – Үй тоза бастаған. ¨She knew she must not fall prey to his charm. – Ол оның еліткіштігіне берілмеуге тиіс екенін білген. 8. (literary) аяқ астынан болу, тсс дег мағ (syn: descend) ¨A sudden silence fell. – Кенет үнсіздік орнады. ¨Darkness falls quickly in the tropics. – Тропикалық аймақтарда қараңғылық тез түседі. ¨~ on sb/sth An expectant hush fell on the guests. – Қонақтар зарыға күте/тоса бастады. 9. болу, келу, түсу ¨My birthday falls on a Monday this year. – Биыл туған күнім дүйсенбіге келеді. 10. ¨My eye fell on a curious object. – Көзім бір қызық нәрсеге түсті. ¨Which syllable does the stress fall on? – Екпін қай буынға түседі? ¨A shadow fell across her face. – Бетіне көлеңке түсіпті. 11. ¨Out of over 400 staff there are just 7 that fall into this category. – 400-ден аса қызметкерлердің ішінде 7-еуі ғана осы категорияға жатады. ¨This case falls outside my jurisdiction. – Бұл іс менің жауапкершілігімнен тыс. ¨This falls under the heading of scientific research. – Бұл ғылыми зерттеу санатына жатады. 12.(phr v) *fall about (BrE, informal) ішек-сілесі қата, сықылықтай күлу ¨~ doing sth We all fell about laughing. – Жатып келіп күлдік. *fall apart a) ыдырау, қаусау, қаусап тұру, қалт-құлт етіп тұру ¨My car is falling apart. – Машинам қирайын деп тұр. b) қирау, ыдырау ¨Their marriage finally fell apart. – Олар ақыры ажырасып тынды. ¨The deal fell apart when we failed to agree on a price. – Бағасына келісе алмағанда келіспек ойымыз жоққа шықты. *fall away (бірте-бірте) азаю; жоғалу ¨His supporters fell away as his popularity declined. – Беделі құлдыраған сайын жақтастары да азайды. ¨The market for their products fell away to almost nothing. – Олардың өнімдеріне деген рынок/базар азайып, жоқ ерлік болды. ¨All our doubts fell away. – Барлық күмәніміз сейілді. ¨The houses fell away as we left the city. – Қаладан ұзай бере үйлер де сиреді. *fall back оралу, қайту, орнына қайта келу (syn: retreat) ¨The enemy fell back as our troops advanced. – Әскерлеріміз алға жылжыған кезде жау да қайтты. ¨Share prices fell back after brisk early trading. – Ертеректегі қауырт саудадан соң акция бағалары бастапқы күйіне оралды. *fall back on sb/sth біреуден жәрдем өтіну; қиын сәтте өзіне демеу болатын нәрсесі болу ¨I have a little money in the bank to fall back on. – Банкте өзіме сүйеніш болар аз ғана қаражатым бар. ¨She fell back on her usual excuse of having no time. – Ол уақытым жоқ деп баяғы сылтауын қайыра айтты. *fall behind (sb/sth) (біреудің) артында қалу, қалып қалу ¨She soon fell behind the leaders. – Біраздан соң ол жүйріктерден қалып қалды. *fall behind with sth (also fall behind on sth especially in NAmE) ілесе алмай қалу, үлгіре алмай қалу ¨They had fallen behind on their mortgage repayments. – Олар ипотекасын уақтылы төлей алмай қалды. ¨He's fallen behind with his school work again. – Оның мектеп үлгерімі тағы да нашарлап кетті. *fall down дұрыс болмау, нашар болу, құлау ¨And that's where the theory falls down. - Теорияның сүрінген жері осы. *fall for sb (informal) біреу десе есі кету, есіл дерті біреу болу; ғашық болып қалу ¨They fell for each other instantly. – Олар бір көргеннен бір-біріне құлады/ғашық болды. *fall for sth (informal) алданып қалу ¨I'm surprised you fell for that trick. – Сенің ана айлаға/қулыққа алданып қалғаныңа таңым бар. *fall in сапқа тұру ¨The sergeant ordered his men to fall in. – Сержант жауынгерлеріне сапқа тұр деп бұйырды. *fall in with sb/sth (BrE) келісу ¨She fell in with my idea at once. – Ол менің ойыммен бірден келісті. *fall into sth пәленшеге бөліну, пәлен бөліктен тұру ¨My talk falls naturally into three parts. – Сөзім өздігінен үш бөліктен тұрады. *fall off кему, азаю (syn: rise) ¨Attendance at my lectures has fallen off considerably. – Менің лекцияларыма біршама аз қатысатын болды. *fall on/upon sb/sth (especially BrE) a) бас салу, қармау ¨They fell on him with sticks. – Олар оған таяқтарын шошаңдатып бас салды. ¨The children fell on the food and ate it greedily. – Балалар тамақты бас алып қомағайлана жей бастады. b) біреудің «үстіне» түсу, біреуге ауыр жүк болу ¨The full cost of the wedding fell on us. – Үйлену тойының барлық ауыртпалығы бізге түсті. *fall out a) түсу ¨His hair is falling out. – Шашатыр түсуде. ¨My tooth fell out. – Тісім түсіп қалды. b) кету, тастап кету, ойысу (әскерлер ж) *fall out (with sb) (BrE) жараспай, шығыспай қалу, аралары бұзылу *fall over (informal) (компьютер не программа ж) істемей қалу ¨My spreadsheet keeps falling over. – Электронды таблицам/кестем істемей қалып жүр. *fall over sb/sth сүрініп құлау не құлай жаздау (syn: trip over) ¨I rushed for the door and fell over the cat in the hallway. – Есікке ұмтылған кезде корридорда мысыққа сүрініп құладым. *fall over yourself to do sth (informal) барын салу, аянбай істеу, барынша тырысу, бәйек болу ¨He was falling over himself to be nice to me. – Маған көңіл бөлемін деп ол бәйек болды. *fall through болмай қалу, іске аспай қалу ¨Our plans fell through because of lack of money. – Ақшаның жетіспеушілігінен жоспарымыз оңбады. *fall to sb біреудің міндетіне не жауапкершілігіне айналу ¨With his partner away, all the work now fell to him. – Әріптесі тыста/сапарда болғандықтан, барлық жұмыс оған қарап қалды. ¨it falls to sb to do sth It fell to me to inform her of her son's decision not to return. – Ұлының оралмауға бел буғанын оған естірту міндеті маған түсті. *fall to sth (literary) бірнәрсе істей бастау ¨She fell to brooding about what had happened to her. – Басынан өткендерді ойлап ол қайғыға салынды. B.n 1.құлау, түсу(шілік) ¨I had a bad fall and broke my arm. – Оңбай құлап, қолымды сындырдым. ¨She was injured in a fall from a horse. – Ол аттан құлап жараланды. 2. ~ (of sth) көшкін, көшу; түсу, түскін ¨a rock fall – құлаған тастар/тас көшкіні 3. ~ of sth түсу, құлау ¨the fall of the dice – (иіре лақтырғандағы) ойын тасының түсуі ¨the dark fall of her hair – қарақою шашының түсіп тұруы 4. ~s сарқырама (syn: waterfall) ¨The falls upstream are full of salmon. – Жоғары жақтағы сарқырама албыртқа (лосось) толы. ¨Niagara Falls – Ниагара сарқырамасы 5. (NAmE) = autumn ¨in the fall of 2009 – 2009 жылдың күзінде ¨last fall – өткен/былтыр күзде ¨fall weather – күзгі ауа-райы 6. ~ (in sth) азаю, кему, түсу, құлау (opp: rise) ¨a steep fall in profits – табыстардың күрт құлауы ¨a big fall in unemployment – жұмыссыздықтың әжептәуір азаюы 7. ~ (of sth) құлау, ыдырау, қирау; құлдырау ¨the fall of the Roman Empire – Рим империясының қирауы ¨the rise and fall of British industry – Британия өнеркәсібінің/индустриясының өрлеуі мен құлдырауы ¨the fall of Berlin – Берлиннің құлауы 8.беделінен айырылу, сүріну, құлау ¨the TV preacher's spectacular fall from grace – телеуағыздаушының абыройын/сыйын жоғалтуы 9.the F~ (діни) Адам ата мен Хауа ананың жұмақ бағынан қуылуы 10. (idm) *break sb's fall құлауын тежеу, құлауын жұмсарту ¨Luckily, a bush broke his fall. – Құдай оңлап, бұта оның құлауын тежеді/жұмсартты. *take the fall (for sb/sth) (informal, especially NAmE) өзі істемеген я өзі жалғыз істемеген нәрсе үшін жауапкершілікті өзіне жүктеу ¨He took the fall for his boss and resigned. – Бастығына келген қысымды өзі көтеріп, жұмыстан кетті. ¨Who will take the fall for the scandal? – Мына жанжал үшін жауапкершілікті кім көтереді? ¨Someone has to take the fall. – Жауапкершілікті біреудің көтергені дұрыс.