false [fɔːls] adj 1.жалған, өтірік; қате, бос ¨A whale is a fish. True or false? – Кит – балық. Дұрыс па, қате ме? ¨Predictions of an early improvement in the housing market proved false. – Үй/Жылжымайтын мүлік рыногындағы/базарындағы жағдай ерте оңалады деген болжамдар қате/бос болып шықты. ¨She gave false information to the insurance company. – Ол сақтандыру компаниясына жалған мәлімет берген. ¨He used a false name to get the job. – Жұмысқа кіру үшін ол жалған ат жамылған/пайдаланған. 2.жасанды, табиғи емес (syn: artificial) ¨false teeth/eyelashes – жасанды тіс/кірпік ¨a false beard – жасанды сақал 3.жалған ¨a false passport – жалған паспорт 4.үлбіреген, қылымсыған, мүләйімсіген, бос ¨false modesty – сыпайы болып көріну(шілік), бос үлбіреушілік ¨She flashed him a false smile of congratulation. – Ол үлбірегенси жымиа құттықтады. 5.жалған, теріс, бос ¨a false argument/assumption/belief – жалған/теріс дәлел/түсінік/сенім ¨to give a false impression of wealth – дәулетті болып көріну/болғансу ¨to lull sb into a false sense of security – жағдай қауіпсіз деп біреуді алдап жұбату ¨false hopes – жалған/бос үміт ¨Buying a cheap computer is a false economy. – Арзан компьютер сатып алу деген(іміз) - жалған үнем(деушілік). 6. (literary) айнығыш, сатқын, жалған ¨a false lover – жалған сүйікті 7.(idm) *by/under/on false pretences алаяқтық жасау ¨She was accused of obtaining money under false pretences. – Оны ақшаны алаяқтықпен алды деп айыптады.