family [ˈfæməli] A.n (pl -lies) 1.үй-іші, отбасы, жанұя, үй, семья, фамилия, үйелмен ¨the other members of my family – үй-ішіміздің/ жанұямыздың басқа мүшелері ¨Almost every family in the country owns a television. – Елдегі әрбір жанұяда телевизор/теледидар бар. ¨All my family enjoy skiing. – Үйіміздің барлығы да шаңғы тепкенді жақсы көреді. ¨one-parent/single-parent families – жалқы/жалғыз ата-аналы отбасы ¨a family of four – төрт кісілік жанұя ¨families with young children – жас балалы отбасылар ¨He's a friend of the family. – Ол біздің жанұямыздың досы. ¨They have a large family. – Олардың жанұясы үлкен. ¨Do they plan to start a family? – Олар балалы болуды ойлай ма? ¨to bring up/raise a family – бала-шағаны бағып-қағу 2.үй-іші, отбасы, туған-туыс, үйелмен ¨All our family came to Grandad's eightieth birthday party. – Жақын туыстарымыздың барлығы атамыздың сексен жылдығына келді. ¨The support of family and friends is vital. – Жақын туыстар мен достардың қолдауы – өте қажет. ¨We've only told the immediate family. – Ең жақын туыстарымызға ғана айттық. ¨the Royal Family – король жанұсы/корольдік жанұя (балалары мен жақын туысқандары) ¨I always think of you as one of the family. – Сен маған ылғи да жақын бір туыс сияқты көрінесің. ¨(informal) She's family. – Ол – туысқан. 3.әулет, ру, ата(ның ұрпақтары) ¨Some families have farmed in this area for hundreds of years. – Кейбір әулет бұл жерде жүздеген жылдар бойы жермен айналысып келеді. ¨This painting has been in our family for generations. – Бұл сурет әулетімізде ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырды. 4.семья, фамилия, топ (туыстас жануарлар мен өсімдіктер тобы; туыстас тілдер, т.с.с. тобы) ¨Lions belong to the cat family. – Арыстандар мысық семьясына жатады. ¨the Germanic family of languages – герман тілдері семьясы 5. (idm) *(be/get) in the family way (old-fashioned, informal) ауыр-аяқ, екіқабат, жүкті болу *run in the family белгілі бір жанұяға тән болу ¨Heart disease runs in the family. – Жүрек ауруы бұл отбасына тән. B.adj жанұя(-ның, -лық, т.с.с.) ¨family life – отбасы өмірі ¨your family background – тегіңіз ¨family ties/connections – жанұялық байланыстар ¨It's a family tradition. – Бұл - жанұямыздағы/әулетіміздегі дәстүр. ¨a family business – жанұялық кәсіп ¨the family car – отбасы машинасы/көлігі ¨a family show – отбасылық шоу ¨family entertainment – отбасылық тамаша/ойын-сауық