far

far [fɑː(r)] A.adv (farther, farthest or further, furthest) 1.алыс(қа), ұзақ(қа), қашық(та) ¨We didn't go far. – Алыс(қа) бармадық. ¨Have you come far? – Алыстан келдіңіз бе? ¨It's not far to the beach. – Пляжға алыс емес. ¨There's not far to go now. – Баратын жер енді алыс емес. ¨~ (from, away, below, etc.) The restaurant is not far from here. – Ресторан бұл жерден ұзақ емес. ¨countries as far apart as Japan and Brazil – Жапония мен Бразилия сияқты бір-бірінен алыс жатқан елдер ¨He looked down at the traffic far below. – Ол сонау төмен жақтағы көлік қозғалысына қарады. ¨Far away in the distance, a train whistled. – Ұзақ жерден поездың ысқырығы естілді. ¨The farther north they went, the colder it became. – Солтүстікке ұзай берген сайын суыта түсті. ¨a concert of music from  near and far – жақыннан және алыстан келген әншілер концерті 2. ¨How far is it to your house from here? – Мына жерден үйің(ізг)е дейін қанша қашық? ¨How far is Boston from New York? – Бостон Нью-Йорктен қанша қашық? ¨How much further is it? – Бұл қанша қашықта? ¨We'll go by train as far as London, and then take a bus. – Лондонға шейін поезбен барып, сосын автобусқа мінеміз. ¨We didn't go as far as the others. – Басқалары сияқты қашықтамадық/алыстамадық. ¨I'm not sure I can walk so far. – Соншалықты жаяу жүре аламын ба, білмеймін. 3.баяғыда, көп бұрын; белгілі бір кезеңде ¨~ back The band made their first record as far back as 1990. – Ансамбль/Топ өзінің алғашқы шығармасын сонау 1990 жылы жазған болатын. ¨To answer that question we need to go further back in time. – Бұл сұраққа жауап беру үшін өткенге көз жүгіртуіміз керек. ¨~ ahead Let's try to plan further ahead. – Болашаққа жоспар құрып көрелік. ¨~ into sth We worked far into the night. – Олар түннің бір уақытына шейін істеді. 4.өте, аса, анағұрлым ¨That's a far better idea. – Ол кәдімгідей тәуір ой екен. ¨There are far more opportunities for young people than there used to be. – Бұрынғыдай емес, қазір жастар үшін анағұрлым көп мүмкіндіктер бар. ¨It had been a success far beyond their expectations. – Табыс олар күткеннен әлдеқайда асып түсті. ¨He's fallen far behind in his work. – Ол жұмысында сонау артта қалды. ¨She always gives us far too much homework. – Ол ылғи да бізге тым көп үй тапсырмасын береді. 5.қаншалықты, қаншама, соншалықты, соншама дег мағ ¨How far can we trust him? – Оған қаншалықты сене аламыз? ¨His parents supported him as far as they could. – Ата-анасы оған шамалары келгенше көмектесті. ¨Plan your route in advance, using main roads as far as possible. – Жолыңды алдын-ала, мейлінше күре жолдарды ескере отырып, жоспарла ¨How far have you got with that report? – Баяндаманы/Есепті қаншалықты бітірдің? ¨I read as far as the third chapter. – Үшінші тарауға шейін оқыдым. ¨We've got as far as collecting our data but we haven't analysed it yet. – Біз барынша мәлімет жинадық, алайда әлі талдағамыз жоқ. 6. (idm) *as far as the eye can/could see көз жеткен/жететін жерге дейін ¨The bleak moorland stretched on all sides as far as the eye could see. – Сүреңсіз саздақ/саздауыт көз жететін жерге дейін барлық жаққа созылып жатты. *as far as I know/as far as I can remember, see, tell, etc. бар білуімше/әйтеуір есімде бары/бар көргенім(ше), айтқаным(ша), т.с.с. дег мағ ¨As far as we knew, there was no cause for concern. – Білуімізше/Бар білетініміз сол, алаңдарлық ештеңе болмапты. ¨As far as I can see, you've done nothing wrong. – Түсінуімше/Пайымдап қарасам, ештеңе бүлдірмегенсің. ¨She lived in Chicago, as far as I can remember. – Есімде қалғаны сол, ол Чикагода тұратын. *as/so far as I am concerned егер маған келсек қой, менен сұрасаң, мен айтар болсам дег мағ ¨As far as I am concerned, you can do what you like. – Менен сұрасаң, не істесең де өзің білесің дер едім. *as/so far as sb/sth is concerned/as/so far as sb/sth goes бiреу/бiрнәрсе жайлы айтсақ/айтқанда дег мағ ¨She's doing fine as far as French is concerned, it's her German I'm worried about. – Оның французшасына келсек қой – үлгерімі тәп-тәуір, бұнда мені қобалжытатыны - оның немісшесі. *as/so far as it goes белгілі бір деңгейге/дәрежеге шейін, былай алып қарағанда, бір қарағанда ¨It's a good plan as far as it goes, but there are a lot of things they haven't thought of. – Бір қарағанда – тәп-тәуір жоспар, алайда олар көптеген нәрсені ескермепті. *by far әлдеқайда, анағұрлым, соғұрлым, едәуір, әжептәуір, кәдімгідей ¨The last of these reasons is by far the most important. – Бұл себептердің соңғысы – әлдеқайда ең маңыздысы. ¨Amy is the smartest by far. – Әми – әлдеқайда зерек. *carry/take sth too far тым артық кету, шектен шығу *far and away әлдеқайда, анағұрлым ¨She's far and away the best player. – Ол әлдеқайда ең үздік ойыншы. *far and wide ірі аумақ, атшаптырым жер ¨They searched far and wide for the missing child. – Олар жоғалған сәбиді іздеп біраз жер шарлады. *far be it from me to do sth (but…) (informal) киліккім келіп-ақ тұрған жоқ, араласар/кірісер ниетім жоқ дег мағ ¨Far be it from me to interfere in your affairs but I would like to give you just one piece of advice. – Істеріңе киліккім-ақ келіп тұрған жоқ, дегенмен бір кеңес айтып көрейін. *far from sth/from doing sth керісінше, мүлде, тіпті ¨It is far from clear what he intends to do. – Оның не істемек ойы барын бір құдайдың өзі біледі. ¨Computers, far from destroying jobs, can create employment. – Компьютерлер жұмыс орындарын құртпай, керісінше, іс қалыптастыруға сеп болады. *far from it (informal) керісінше, қайдағы дег мағ ¨‘You're not angry then?’ ‘Far from it. I've never laughed so much in my life.’ – «Ашулы емессің бе онда?» «Қайдағы/Керісінше. Өмірімде бұлай күлмеппін». *go far алысқа бару (яғни, өсу, жоғарылау дег мағ) ¨She is very talented and should go far. – Ол – өте дарынды, сондықтан алысқа барады. *go far enough қажетінше жарау, діттеген жерінен шығу, ойдағыдай болу ¨The new legislation is welcome but does not go far enough. – Жаңа заңнама жақсы-ақ, алайда бәрін қамтымайды/соншама ұзай қоймайды. ¨Do these measures go far enough? – Бұл шаралар жеткілікті ме? ¨(disapproving) Stop it now. The joke has gone far enough. – Жетер. Қалжың тым алысқа кетті. *go so/as far as to… бірнәрсе істеуге дейін бару, алысқа бару (яғни, неге болса да бел шеше кірісу) ¨I wouldn't go as far as to say that he's a liar. – Оны суайт деп кесіп айтпас едім. ¨In June 2009 he went so far as to offer his resignation. – 2009 жылдың маусымында ол отставкаға кетуге арыз беруге дейін барды. *go too far/go this/that far тым шектен шығу, тым артық кету ¨He's always been quite crude, but this time he's gone too far. – Ол қашан да қымсынбаушы еді, алайда бұл жолы жүгенді қоя берді. ¨I never thought she'd go this far. – Оны мұншама артық кетеді деп ойламаппын. *in so/as far as белгілі бір дәрежеге дейін дег мағ ¨That's the truth, in so far as I know it. – Мен білетін/Маған белгілі шындық осы. *not far off/out/wrong (informal) дұрыс, тура дерлік ¨Your guess wasn't far out at all. – Болжамың дөп келді деп айтуға болады. *not go far жеткілікті болмау ¨Five pounds doesn't go very far these days. – Бұл күндері бес фунт ештеңеге жетпейді. ¨Four bottles of wine won't go far among twenty people. – Төрт шөлмек шарап жиырма кісіге жетпейді. *so far/thus far әзірге, әзірше, қазірше, қазіргі уақытта, әлі ¨What do you think of the show so far? – Бұл шоу/думан жайлы әзірге не ойлайсың(ыз)? ¨Detectives are so far at a loss to explain the reason for his death. – Детективтер оның неден өлгенін әлі/әзірге біле алмай бас қатыруда. *so far (informal) әзірге, әзірше, тек ¨I trust him only so far. – Мен әзірге соған ғана сенемін. *so far, so good (saying) әзірге/әзірше жақсы B.adj (farther, farthest or further, furthest) 1.алыс, ұзақ, арғы, шеткі ¨I saw her on the  far side  of the road. – Оны жолдың арғы/шеткі жағынан көрдім. ¨at the far end of the room – бөлменің арғы шетінде ¨They made for an empty table in the far corner. – Олар шет жақтан бос стол тапты. 2.ең алыстағы, ұзақтағы ¨the far north of Scotland – Шотландияның ең солтүстігі ¨Who is that on the far left of the photograph? – Фотографиядағы сол жақтан ең шеткі кім? ¨She is on the far right of the party. – Ол партиядағы ең оң қанатта/әсіре оңшыл қанатта. 3. (old-fashioned or literary) алыстағы, қиырдағы, қияндағы, шалғайдағы, ұзақтағы ¨a far country – алыс ел/өлке ¨Somewhere in the far regions of her mind a voice was screaming warnings. – Есінің/Санасының алыс түкпірінен беймәлім бір үн шыңғыра/жанұшыра ескертіп жатты. 4. (idm) *a far cry from sth мүлде басқа тіршілік, т.с.с. (syn: remote) ¨All this luxury was a far cry from the poverty of his childhood. – Мына үлде мен бүлдеге оранған тұрмыс оның бала күнгі кедей  тіршілігінен мүлде бөлек еді.