fast [fɑːst; NAmE fæst] A.adj (~er, ~est) 1.шапшаң, тез, жүйрік, жылдам ¨a fast car/horse – жүрдек/жүйрік машина/ат ¨the world's fastest runner – әлемнің ең жүйрік жүгірушісі ¨the fastest rate of increase for years – жылдар бойғы ең қауырт өсу деңгейі ¨a fast response time – жылдам/тез жауап беру уақты ¨a fast learner – тез/жылдам үйренуші ¨I'm early -my watch must be fast. – Ерте келдім – сағатым тез жүретін болар. ¨That clock's ten minutes fast. – Ана сағат он минут тез жүреді. 2.жылдам (істеуге, тсс мүмкіндік беретін) ¨a fast road/pitch – шапшаң жол/жолақ 3. (technical) шапшаң (жарықты жақсы сезетін, сөйтіп күңгірт кездерде де суретті жақсы түсіретін фотоаппарат ж) 4.мықты бекітілген, орнатылған ¨He made the boat fast. – Ол қайықты мықтап байлады. 5.оңбайтын (түс, рең) 6. (idm) *fast and furious алай-түлей, қауырт (кино, т.с.с.) ¨In his latest movie, the action is fast and furious. – Оның соңғы фильміндегі сюжет алай-түлей. *a fast talker сөзуар, сөзшең ¨As a politician, she had the reputation for being a real fast talker. – Саясатшы ретінде оның аты сөзуарлығымен шыққан. *a fast worker (informal) пысық, пысықай, жалмақай B.adv (~er, ~est) 1.шапшаң, тез, жылдам ¨Don't drive so fast! – Соншама қатты айдама! ¨How fast were you going? – Қаншалықты қатты кетіп бара жатыр едің(із-дер)? ¨I can't go any faster. – Бұдан қатты/тез жүре алмаймын. ¨The water was rising fast. – Су тез көтеріліп келе жатқан болатын. ¨Her heart beat faster. – Жүрегі дүрсілдей бастады. ¨(formal) Night was fast approaching. – Кеш тез түсіп келе жатты/жатқан. ¨a fast-flowing stream – шапшаң бұлақ ¨Children grow up so fast these days. – Бұл күндері балалар тез өсіп шыға келеді. ¨Britain is fast becoming a nation of fatties. – Британия көз алдында семіздер еліне айналып бара жатыр. ¨The police said that they had reacted as fast as they could. – Полиция барынша тез қимылдадық дейді. 2.мықты; мүлде ¨Within a few minutes she was fast asleep. – Бірнеше минутта ол ұйқыға қойды да кетті. ¨The boat was stuck fast. – Қайық қайраңға тұрды да қалды. 3. (idm) *as fast as your legs can carry you жанұшыра, жалма-жан, барынша тез *hold fast to sth (formal) бірнәрседен айнымау, айрылмау *play fast and loose (with sb/sth) (old-fashioned) қалай болса солай қарау, тсс *stand fast/firm қасқию, шегінбеу; айнымау C.v ораза ұстау ¨Muslims fast during Ramadan. – Мұсылмандар рамазан айында ораза тұтады. D.n ораза кезі ¨to go on a fast – ораза ұстау ¨to break your fast – ауыз ашу (яғни, тамақ жеу)