quick [kwɪk] A.adj (∼er, ∼est) 1. жедел, тез, лезде, жылдам, шапшаң, шұғыл ♦a quick look/check/search – жедел қарас/ тексеру/ іздеу ♦She gave him a quick glance. – Ол оны көзімен бір шалды. ♦Let's take a quick break. – Қысқа дамылдап алалық. ♦There's no quick fix for this problem. – Бұл мәселенің жедел/ тез шешімі жоқ. ♦Let me just ask one quick question. – Бірнәрсе сұрай салайыншы. ♦Thanks for the quick response. – Тез/ Жедел/ Лезде жауап бергеніңізге рахмет. ♦It's quicker by train. – Пойызбен жеделдеу/ тезірек. 2. жедел, тез, жылдам, шапшаң ♦a quick learner – алғыр/ тез үйренуші ♦∼ to do smth The kids were quick to learn. – Балалар тез үйренді. ♦She was quick to point out the mistakes I'd made. – Қателерімді ол бірден айтты. ♦Don't be so quick to judge unless you know all the facts. – Барлық фактілерді білмей тұрып, асығыс тұжырма/ бағалама. ♦Try to be quick! We're late already. – Тезірек бол! Кешігіп жатырмыз. ♦Once again, his quick wits got him out of an awkward situation. – Оның тапқырлығы/ алғырлығы тағы да ыңғайсыз жағдайдан шығарды. ♦(NAmE, informal) He's a quick study. – Ол тез үйренеді. 3.шұғыл, жедел, тез ♦We need to make a quick decision. – Шұғыл шешуіміз керек. ♦The company wants quick results. – Компанияға жедел нәтижелер керек. ♦The doctor said she'd make a quick recovery. – Дәрігер ол тез сауығады деді. ♦There isn’t a quick answer to this problem. – Мәселенің жедел шешімі жоқ. 4.(idm) *be quick/fast on the draw a) [қ-з: draw (B7)] b) қауіп төнгенде қаруын жалма-жан шығара алатын *be quick/slow on the uptake (informal) тез/ баяу ұғу ♦Is he always this slow on the uptake? – Ол ылғи да осылай баяу ұға(ды) ма? *have a quick/short temper ашуланшақ/ шытынағыш болу *make a fast/quick buck (informal, often disapproving) тез ақша/ табыс табу ♦This is a long-term project. We are not out to make a quick buck. – Бұл – ұзақ мерзімді жоба. Тез ақша табу ойымызда жоқ. *quick and dirty (informal) қиын істі тез әрі төтесінен істеу ♦Read our quick-and-dirty guide to creating a website. – Уэб-сайтты қалай тез құру керектігі туралы кеңесімізді оқы(ңыз). *quick/slow off the mark [қ-з: mark (B12)] B.adv (∼er, ∼est) 1. жедел, тез, жылдам, шапшаң, шұғыл ♦Come as quick as you can! – Барынша тез кел! ♦Let's see who can get there quickest. – Ол жерге кімнің жылдам жететінін көрелік. ♦It's another of his schemes to get rich quick. – Бұл - оның тағы бір тез баю амалы. 2. quick- ♦quick-thinking – тапқыр, ұшқыр ойлы, алғыр, зерек, қағылез ♦quick-growing – тез өсетін, тез өсіп жатқан 3. (idm) *(as) quick as a flash лезде, тез, әп сәтте ♦Quick as a flash she was at his side. – Ол әп сәтте оның жанында болды. C.n 1. the ∼ тырнақтың астындағы жұмсақ тін, тырнақ асты, тырнақасты тін ♦She has bitten her nails down to the quick. – Ол тырнақтарын тістей-тістей, астына жетті. 2. (idm) *cut smb to the quick ашындыру, ренжіту ♦His accusations cut me to the quick. – Ол менің жүйкемді қажап жіберді.