fault [fɔːlt] A.n 1.қате, кінә, жауаптылық ¨Why should I say sorry when it's not my fault? – Бұл менің қатем/кінәм болмаса неге кешірім сұрауым керек? ¨It's nobody's fault. – Бұл ешкімнің де қатесі емес. ¨~ (that…) It was his fault that we were late. – Кешіккенімізге ол кінәлі. ¨~ (for doing sth) It's your own fault for being careless. – Жайбарақаттығың үшін өзің кінәлісің. ¨Many people live in poverty through no fault of their own. – Көптеген адамдар өздерінің кедейлікте өмір сүргеніне кінәлі емес. ¨I think the owners are at fault for not warning us. – Қожайындар/Иелер бізді ескертпегендері үшін жауапты. ¨He believes that the product's poor image is partly the fault of the press. – Өнімнің онша өтімді еместігіне ішінара баспасөз де жауапты деп ойлайды ол. 2.кемшілік, мін (syn: shortcoming) ¨He's proud of his children and blind to their faults. – Ол балаларымен мақтанады және олардың мініне көз жұма қарайды. ¨I love her for all her faults. – Қанша кемшілігі болса да мен оны сүйемін. ¨I think my worst fault is impatience. – Ең жаман мінім/кемшілігім шыдамсыздығым деп ойлаймын. 3.мін, ақау, кемшін, кемшілік (syn: defect) ¨The book's virtues far outweigh its faults. – Кітаптың жақсы жақтары кемшін тұстарынан әлдеқайда асып түседі. ¨The system, for all its faults, is the best available at the moment. – Бұл жүйе, кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі кездегі ең жақсысы/үздігі. ¨a major fault in the design – дизайндегі/сызбадағы басты кемшілік ¨a structural fault – структуралық/құрылымдық мін/ақау ¨an electrical fault – электрикалық ақау 4.(ойындағы) қате ¨He has served a number of double faults in this set. – Бұл сетте ол біршама қос қателер жіберді. 5.(тау жыныстары, жер қыртысы ж) жарық, жарықшақ, сызат, ор ¨the San Andreas fault – Сан Андреас жарығы/оры ¨a fault line – жарықшақ сызаты 6. (idm) *to a fault тым көп (қасиет, т.с.с.) ¨She is generous to a fault. – Ол тегі соншама жомарт. B.v ~ sb/sth мін, кінә табу не тағу (syn: criticize) ¨Her colleagues could not fault her dedication to the job. – Әріптестері оның жұмысқа құлшынысына мін таға алмайтын. ¨He had always been polite - she couldn't fault him on that. – Ол ылғи да сыпайы еді – ол (әйел) оған (еркекке) бұл жерде мін таға алмайды.