favour [ˈfeɪvə(r)] A.n (especially US favor) 1.мейір, қайырым, жәрдем, оң қабақ ¨Could you do me a favour and pick up Sam from school today? – Маған мейірің түсіп/қол ұшын беріп, Сәмді бүгін мектептен ала саласың ба? ¨Can I ask a favour? – Жәрдем өтінсем қалай болады (екен)? ¨I would never ask for any favours from her. – Одан ешқашан ешбір жәрдем сұрамаспын. ¨I'm going as a favour to Ann, not because I want to. – Барғым келгеннен емес, Әннің көңілін қимай бара жатырмын. ¨I'll ask Steve to take it. He owes me a favour. – Стивтен бұны алуын сұраймын. Маған күні түскен кезі болған. ¨Thanks for helping me out. I'll return the favour some time. – Қол ұшын бергеніңе рахмет. Бұл жақсылығыңды бір кезде өтермін. ¨Do yourself a favour and wear a helmet on the bike. – Өзіңді ойлап, велосипед айдағанда шлем/дулыға ки(гін). 2.құптау, қолдау ¨The suggestion to close the road has found favour with local people. – Жолды жабу туралы ұсыныс жергілікті қауымнан қолдау тапты. ¨The programme has lost favour with viewers recently. – Бұл программа жақында көрермендерге ұнамай қалды. ¨an athlete who fell from favour after a drugs scandal – допиң жанжалына ілігіп беделден айырылған атлет ¨(formal) The government looks with favour upon the report's recommendations. – Үкімет баяндама ұсыныстарына оң қарайды. ¨She's not in favour with the media just now. – Қазіргі кезде баспасөзбен ол онша болмай тұр. ¨It seems Tim is back in favour with the boss. – Тим бастығына қайтадан жаға бастағанға ұқсайды. 3.емеурін, оң қабақ, бүйрегі бұру(шылық), мейірі түсу (syn: bias) ¨As an examiner, she showed no favour to any candidate. – Емтихан алушы ретінде ол ешкімге де оң қабақ танытпады. 4. favors (NAmE) = party favors 5. favours (old-fashioned) біреумен жыныс қатынасына түсуге келісім беру ¨demands for sexual favours – нәпсіқұмар сұраныстар 5. (idm) *do sb no favours ешкімге көңілі бұрмау ¨You're not doing yourself any favours, working for nothing. – Текке жұмыс істеп, өзіңді ойласаң етті. ¨The orchestra did Beethoven no favours. – Оркестр Бетховенге оң қабақ танытпады. *do me a favour! (informal) (ойсыз сұраққа жауап бергенде қолд) «мені аяшы енді», «мені қинамашы» ¨‘Do you think they'll win?’ ‘Do me a favour! They haven't got a single decent player.’ – «Олар жеңеді деп ойлайсың ба?» «Мені қинамашы! Олардың бірде-бір дұрыс ойыншысы жоқ қой». *in favour (of sb/sth) a) (біреуді/бірн-ні) қолдау, жақтау, (соған) бүйрегі бұру ¨He argued in favour of a strike. – Ол ереуілді жақтай сөйледі. ¨There were 247 votes in favour (of the motion) and 152 against. – (Ұсынысты) жақтай 247, қарсы 152 дауыс берді. ¨I'm all in favour of equal pay for equal work. – Мен тең жұмысқа тең төлегенін толығымен жақтаймын. ¨Most of the ‘don't knows’ in the opinion polls came down in favour of the Democrats. – Сауалнама кезінде «білмеймін» дегендер ақырында демократтарды қолдап шықты. b) бірнәрсеге бола, бірнәрсе үшін ¨He abandoned teaching in favour of a career as a musician. – Ол мұғалімдікті музыканттық карьера/кәсіп үшін тастады. *in sb's favour біреудің пайдасына ¨The exchange rate is in our favour at the moment. – Валюта айырбастау курсы қазіргі сәтте біздің пайдамызға болып тұр. ¨She was willing to bend the rules in Mary's favour. – Оның ережелерді Мәридің пайдасына бұрғысы келіп тұрды. ¨The court decided in Ms Smith's favour and she received compensation for unfair dismissal. – Сот Смит ханымның пайдасына шешіп, ол жөнсіз жұмыстан шыққаны үшін компенсация/өтемақы алды. B.v 1. ~ sth/~ (sb) doing sth қалау, жақтау, таңдау ¨Many countries favour a presidential system of government. – Көптеген елдер биліктің президенттік жүйесін қалайды. ¨It's a resort favoured by families with young children. – Бұл сәбилі отбасылардың жақсы көретін санаторийі. 2. ~ sb оң қарау, емеурін таныту ¨The treaty seems to favour the US. – Шарт ең алдымен АҚШ-тың қамын ойлайтын сияқты. ¨My parents always favoured my older brother. – Ата-анам көбінесе ағамды ойлайтын. 3. ~ sth қолайлы жағдайлар жасау ¨The warm climate favours many types of tropical plants. – Жылы климат тропикалық өсімдіктердің көптеген түрлері үшін жайлы. 4. ~ sb (old-fashioned or NAmE) ұқсау ¨She definitely favours her father. – Ол шынымен де әкесіне ұқсаған.