fear [fɪə(r)] A.n 1.үрей, қорқыныш, шошу, зәре ¨Her eyes showed no fear. – Көзінен үрей байқалмады. ¨The child was shaking with fear. – Бала қорыққанынан қалшылдады. ¨~ (of sb/sth) (a) fear of the dark/spiders/flying – қараңғыдан/қарақұрттан/ұшудан қорқу ¨We lived in constant fear of losing our jobs. – Жұмысымыздан айырылып қалмасақ екен деп қорқып жүрдік. ¨~ (for sb/sth) her fears for her son's safety – ұлының амандығына үрейлену ¨Alan spoke of his fears for the future. – Алан болашаққа деген үрейі жайлы айтты. ¨The police report confirmed our worst fears. – Полиция ақпары бекер шошымағанымызды көрсетті. 2. (idm) *for fear of sth/of doing sth; for fear (that)… бірнәрсе болып қалмасын деп, бірнәрседен қаша, үрке... ¨We spoke quietly for fear of waking the guards. – Күзетшілер оянып кетпесін деп ақырын сөйлестік. ¨I had to run away for fear (that) he might one day kill me. – Бір күні ол түбіме жетер деп (қорыққанымнан) қашып кеттім. *in fear of your life өлімнен қорқа, өмірі үшін қорқа *no fear (BrE, informal) «е, жоқ-ә», мүлде жоқ дег мағ ¨‘Are you coming climbing?’ ‘No fear!’ – «Тауға шығуға келесің бе?» «Е, жоқ-ә!» ¨“Are you going to tell her the truth?” “No fear, mate: she won't hear a thing from me!” – «Оған шындықты айтайын деп тұрсың ба?» «Е, жоқ-ә, достым: менен ол түк те естімейтін болады». *put the fear of God into sb зәресін алу, зәресін зәр түбіне жіберу *without fear or favour (formal) әділ, тура ¨The appointments are made without fear or favour. – Тағайындаулар әділ жасалынады. B.v 1.қорқу, шошу, үрку, зәресі ұшу ¨~ sb/sth All his employees fear him. – Қарамағындағылардың бәрі одан қорқады. ¨to fear death/persecution/the unknown – өлімнен/қудалаудан/беймәлімдіктен қорқу ¨Everyone feared the coming war. – Кім де болсын келе жатқан соғыстан шошыды. ¨Don't worry, you have nothing to fear from us. – Қобалжыма, бізден қорқатын ешнәрсең жоқ. ¨~ to do sth (formal) She feared to tell him the truth. – Ол оған шындықты айтуға қорықты. ¨~ doing sth (formal) She feared going out at night. – Ол түнде тысқа шығуға қорықты. ¨~ sth She has been missing for three days now and police are beginning to fear the worst. – Жоғалғанына үш күн болып, енді полиция бір сұмдық болды ма деп үрейлене бастады. ¨~ sb/sth Hundreds of people are feared dead. – Жүздеген адам жазым болған шығар деген үрей бар. ¨be feared to be/have sth Women and children are feared to be among the victims. – Жазым болғандардың арасында әйелдер мен балалар болуы мүмкін деген үрей бар. ¨it is feared (that)… It is feared (that) he may have been kidnapped. – Оны ұрлап кетті ме деген үрей бар. ¨~ (that)… She feared (that) he might be dead. – Қаза болды ма деп қорықты ол оны ойлай. ¨Never fear/Fear not, I shall return. – Қорықпа, ораламын. 2. I fear (formal) деп қорқамын ¨They are unlikely to get here on time, I fear. – Олар мұнда уақтында жете алмас деп қорқамын. ¨‘He must be dead then?’ ‘I fear so.’ – «Олай болса оның өлгені ме?» «Солай ма деп қорқамын». ¨‘She's not coming back?’ ‘I fear not.’ – «Ол келмейді ме?» «Әй, солай-ау». 3. (phr v) *fear for sb/sth уайымдау ¨We fear for his safety. – Оның амандығын ойлап уайымдаймыз. ¨He feared for his mother, left alone on the farm. – Ол фермада жалғыз қалған анасын ойлап уайымдады.