feed [fiːd] A.v (fed, fed [fed]) 1.ас, азық беру, тамақ беру, тамақтандыру, тамақ ішкізу; қоректендіру, жем беру ¨~ sb/sth/yourself Have you fed the cat yet? – Мысыққа тамақ бердің бе? ¨The baby can't feed itself yet. – Сәби әлі өзі тамақ іше алмайды. ¨~ sb/sth (on) sth The cattle are fed (on) barley. – Ірі-қараға арпа береді. ¨~ sth to sb/sth The barley is fed to the cattle. – Арпа ірі-қараға беріледі. 2.жеу, қоректену ¨Slugs and snails feed at night. – Ұлулар түнде қоректенеді. 3.~ sb асырау, тамақтандыру ¨They have a large family to feed. – Олардың асырайтын үлкен отбасысы бар. ¨There's enough here to feed an army. – Бұл жерде армия асырауға жетерлік азық бар. 4. ~ sth қоректендіру, тыңайтқыш, қи себу ¨Feed the plants once a week. – Өсімдіктерге аптасына бір рет тыңайтқыш бер. 5.хабардар ету, айту, хабарлау ¨~ sb sth We are constantly fed gossip and speculation by the media. – Бізге баспасөз ылғи да өсек пен алыпқашпа әңгіме тықпалайды. ¨~ sth to sb Gossip and speculation are constantly fed to us by the media. – Өсек пен алыпқашпа әңгімені баспасөз бізге ылғи да тықпалайды. 6.беру, жеткізу ¨~ A (with B) The lake is fed by a river. – Көлге су өзеннен келеді. ¨The electricity line is fed with power through an underground cable. – Электр желісіне қуат жерасты кабелі арқылы келеді. ¨~ B into A Power is fed into the electricity line through an underground cable. - Қуат электр желісіне жерасты кабелі арқылы келеді. 7.салу, енгізу, беру, жалғау ¨~ A (with B) He fed the meter with coins. – Ол өлшеуішке тиын салды. ¨~ B into A He fed coins into the meter. – Ол тиынды өлшеуішке салды. ¨The information was fed into the data store. – Ақпарат/Информация дерекқорға енгізілді. ¨~ sth into/through sth The fabric is fed through the machine. – Мата машина арқылы келіп тұрады. 8.~ sth қандыру, сұранысты қанағаттандыру ¨For drug addicts, the need to feed the addiction takes priority over everything else. – Есірткіқұмарлар/Наркомандар үшін бәрінен бұрын ең алдыңғы орында құмарын қандыру тұрады. 9. (idm) *feed your face (informal, usually disapproving) қомағайлану, мешкейлену, ашқарақтану 10. (phr v) *feed back (into/to sth) әсер ету, түрткі болу ¨What the audience tells me feeds back into my work. – Көрермендердің айтқандары жұмысыма әсер етеді. *feed (sth) back (to sb) ақпар, пікір беру, хабарлау ¨Test results will be fed back to the schools. – Тест/Емтихан нәтижелері мектептерге берілетін болады. *feed into sth әсер, ықпал ету ¨The report's findings will feed into company policy. – Баяндаманың түйгендері компанияның саясатына/бағытына ықпал ететін болады. *feed on/off sth a) қоректену ¨Butterflies feed on the flowers of garden plants. – Көбелектер үй өсімдіктері гүлімен қоректенеді. b) (often disapproving) қоздыру, (кенеше) сору, біреудің/бірн-ң арқасында күн көру ¨Racism feeds on fear. – Нәсілшілдікке үрей дем береді/Нәсілшілдікке үрей болып береді. ¨He feeds off the work and reputation of others. – Ол жұмыс пен басқалардың беделін жамылып күн көреді. *feed through (to sb/sth) жету, тию ¨It will take time for the higher rates to feed through to investors. – Инвесторлар жақсы өсім көргенше біраз уақыт керек болады. *feed sb up (BrE) қоңдандыру, жақсы тамақтандыру B.n 1.тамақ (сәбилердің) ¨her morning feed – оның таңғы ішер тамағы 2.жем, азық, қорек ¨winter feed for the horses – жылқылардың қысқы жемі ¨a sack of feed – бір қап жем 3.жеткізілім (жеткізілетін, берілетін нәрсе) 4.(нәрсе) жеткізгіш, тасымалдағыш (құбыр, құрылғы) ¨the cold feed to the water cylinder – су цилиндрінің суық су түтігі/шлангі ¨The printer has an automatic paper feed. – Принтердің автоматты жеткізгіші/фидері бар. 5. (informal) ас ¨They needed a bath and a good feed. – Оларға жуынып, жақсы тамақтанған қажет болды. 6. (NAmE) орталық телестанциядан басқа станцияларға телепрограмма, телехабар жіберу ¨network feed – желі арқылы келген жазба