feel [fiːl] A.v (felt, felt [felt]) 1.linking verb сезу, сезіну, көріну ¨The heat made him feel faint. – Аптап ыстықтан ол мең-зең бола бастады. ¨She sounded more confident than she felt. – Іштей жүрексінсе де саңқылдай сөйледі. ¨I was feeling guilty. – Өзімді кінәлі сезіндім. ¨You'll feel better after a good night's sleep. – Бір түнгі жақсы ұйқыдан соң өзіңді жақсы сезінесің. ¨She felt betrayed. – Өзін (басқалары) сатып кеткендей сезінді/ көрінді. ¨I feel sorry for him. – Оған обал бо(лы)пты. ¨How are you feeling today? – Бүгін қалайсың? ¨I know exactly how you feel. – Бойыңдағы сезім маған түсінікті./ Халіңді түсінемін. ¨Luckily I was feeling in a good mood. – Әйтеуір көңілім көтеріңкі болатын. ¨~ sth He seemed to feel no remorse at all. – Ол бедірейген қалыпта болды. ¨ Standing there on stage I felt a complete idiot. – Ана сахнада тұрып топас сықылды сезіндім. ¨~ like sth I felt like a complete idiot. – Есуас сияқты сезіндім. 2.сезу, білу, сезіну (syn: sense) ¨~ sth I could feel the warm sun on my back. – Арқамдағы күннің жылуын сездім. ¨She could not feel her legs. – Аяғын ала алмай қалды/ Аяқтарын сезбей қалды. ¨I can't feel his pulse. – Оның пульсін/тамыр соғысын сезіп тұрған жоқпын. ¨He felt a hand on his shoulder. – Иығынан біреудің қолын сезді. ¨~ sb/sth/yourself doing sth He felt a hand touching his shoulder. – Иығын ұстаған біреудің қолын сезді. ¨She could feel herself blushing. – Бетінің дуылдағанын сезді. ¨He felt the sweat running down his face. – Бетінен тамшылай аққан терді сезді. ¨~ sb/sth/yourself do sth I felt something crawl up my arm. – Қолыммен бірнәрсенің өрмелеп бара жатқанын сездім. ¨We felt the ground give way under our feet. – Аяғымыздың астының мызғып бара жатқанын сездік. ¨Can you feel the tension in this room? – Осы бөлмедегі қырғи-қабақтықты сезесің бе/байқайсың ба? 3.linking verb сезіну, көріну, сиқты болу ¨It felt strange to be back in my old school. – Ескі мектебіме қайта оралғанда біртүрлі сезіндім. ¨My mouth felt completely dry. – Аузым мүлде кеберсіп/құрғап кетті. ¨~ like sth The interview only took ten minutes, but it felt like hours. – Интервью/Сұхбат он минут болғанымен, сағаттарға созылғандай көрінді. ¨It feels like rain. – Жауын жауатын сияқты. ¨~ as if/though… Her head felt as if it would burst. – Басы атылып кететіндей сезінді. ¨It felt as though he had run a marathon. – Ол өзін марафонға жүгіргендей сезінді. ¨How does it feel to be alone all day? – Күні бойы (жападан) жалғыз болған қалай екен? 4.linking verb сезілу, біліну, сияқты көріну ¨The water feels warm. – Су жылы екен. ¨Its skin feels really smooth. – Оның терісі шынымен де жұмсақ екен. ¨~ like sth This wallet feels like leather. – Мына қапшық/әмиян былғарыдан жасалыпты. 5.сипалап сезу ¨~ sth Can you feel the bump on my head? – Басымдағы дөңкигенді/томпақты сезесің бе? ¨Try to tell what this is just by feeling it. – Сипалап бұның не екенін айтып көргін. ¨~ how, what, etc…Feel how rough this is. – Қаншалықты бұжыр/түрпідей/кедір-бұдыр екенін сезіп тұрмын. 6.сияқты болу, сезіну, көрінеу, ойлау, толғану ¨~ (that)… We all felt (that) we were unlucky to lose. – Бәріміз де жолымыз болмай ұтылғандай сезіндік/ұтылдық деп сезіндік/ойладық. ¨I felt (that) I had to apologize. – Кешірім сұрауым керектігін түсіндім/сезіндім. ¨I feel I could continue playing until I am 35. – Отыз беске келгенше ойнай бере алатын сияқтымын. ¨~ it to be sth She felt it to be her duty to tell the police. – Өзін полицияға хабарлауға міндетті сезінді/полицияға айтуға парызбын деп сезінді. ¨~ it She felt it her duty to tell the police. - Өзін полицияға хабарлауға міндетті сезінді/полицияға айтуға парызбын деп сезінді. ¨~ it I felt it advisable to do nothing. – Тыныш қалған дұрыс деп ойладым. ¨This is something I feel strongly about. – Бұл мені толғандыратын мәселе/толғандырады. ¨This decision is, I feel, a huge mistake. – Бұл шешім маған ірі қате сияқты көрінеді. 7. ~ sth ¨He feels the cold a lot. – Ол тез суықтайды. ¨Cathy was really feeling the heat. – Кәти ыстықтап жатқан (еді) ¨She felt her mother's death very deeply. – Шешесінің өлімі жанына қатты батты. ¨The effects of the recession are being felt everywhere. – Тоқыраудың/Рецессияның әсері барлық жерде көрініп тұр. ¨We all felt the force of her arguments. – Оның дәлелінің мықтылығын сездік. 8.~ (in sth/about/around, etc.) (for sth) (қолымен, аяғымен, тсс) сипалап, тиіп көру ¨He felt in his pockets for some money. – Қалтасынан сипалап ақша іздеді. ¨I had to feel about in the dark for the light switch. - Қараңғыда сипалап жарық қосқышты іздеуіме тура келді. 9. (idm) *feel your age жасын сезіну, біраз жасқа келгеніңді сезіну *feel your ears burning құлағыңның шуылдағанын сезіну, біреулер өзін әңгімелеп жатыр-ау деп ойлау *feel free (to do sth) (informal) қысылма, қысылып-қымтырылма, қаймықпа, сескенбе, ұялма ¨Feel free to ask questions if you don't understand. – Түсінбесең(із-дер), қысылмай/қаймықпай сұра(ңыз-дар). ¨‘Can I use your phone?’ ‘Feel free.’ – «Телефоныңды қолдансам бола ма?» «Ала бер(гін)». *feel good өзін жақсы, еркін сезіну ¨It makes me feel good to know my work is appreciated. – Жұмысымның еленгеніне жақсы болып қалдым. *feel (it) in your bones (that…) іші сезу ¨I know I'm going to fail this exam - I can feel it in my bones. – Мына емтиханнан құлағалы тұрғанымды білемін – ішім сезеді. *feel like sth/like doing sth (informal) бірнәрсе істегісі келу, бірнәрсе қалау ¨I feel like a drink. – Ішкім келіп тұр. ¨We all felt like celebrating. – Бәріміздің тойлағымыз келді. ¨He felt like bursting into tears. – Ол жылап жібере жаздап тұрды. ¨We'll go for a walk if you feel like it. – Қаласаң, жүріп қайтайық. *feel the pinch (informal) шымшуды сезіну, ақшадан қиналу ¨Lots of people who have lost their jobs are starting to feel the pinch. – Жұмысын жоғалтқан көптеген адамдар шымшуды сезе бастады. *feel sick (especially BrE) мең-зең болу, дімкәстану, нашар сезіну ¨Mum! I feel sick. – Анашым/Мама! Біртүрлі болып тұрмын. *feel sick to your stomach (NAmE) жүрегі айну, құсқысы келу *feel your way a)(қараңғы кезде) сипалай жүру/ қозғалу b)сақтық жасау, абай болу ¨She was new in the job, still feeling her way. – Жұмысқа жаңа тұрған ол әлі де сақ қимылдайтын. *not feel yourself бейжай болу, дімкәс сезіну ¨I'm not quite feeling myself today. – Бүгін біртүрлі болып тұрмын. 10. (phr v) *feel for sb бүйрегі бұру, жақын тарту ¨I really felt for her when her husband died. – Күйеуі қайтыс болғанда шынымен де оған жаным ашыды. ¨I do feel for you, honestly. – Шынын айтсам, өзіңді жақын тартамын. *feel sb up (informal) нәпсісі қозып қырындау, айналдыру (syn: grope) *feel up to sth мұршасы, шамасы болу ¨Do we have to go to the party? I really don't feel up to it. – Сауыққа бару керек пе? Шынын айтсам, шамам құрып тұр. ¨~ doing sth After the accident she didn't feel up to driving. – Жол апатынан соң оның көлік жүргізетін халі болмады. B.n 1. the ~ сезім, сезу(шілік) ¨You can tell it's silk by the feel. – Оның жібек екенін сезіп білуге болады. ¨She loved the feel of the sun on her skin. – Ол күн сәулесінің денесін аймалағанын жақсы көретін. ¨I had a feel of the material. – Мен материалды сездім. 2.әсер, сезім ¨It's a big city but it has the feel of a small town. – Үлкен қала болғанымен шағын кент сияқты келбеті бар екен. ¨The room has a comfortable feel to it. – Бөлме жайлы екен. ¨There is an international feel to the restaurant. – Ресторанның халықаралық стилі/келбеті бар (екен). 3. (idm) *get the feel of sth/of doing sth үйреніп кету, біліп алу ¨I haven't got the feel of the brakes in this car yet. – Машинаның тормозымен/тежегішімен әлі онша таныс емеспін. *have a feel for sth (бірнәрсеге) икемі, ебі болу ¨She has a real feel for languages. – Оның тілдерге табиғи икемі бар.