feud [fjuːd] A.n егес, ерегес, дүрдараздық, керіс, дау, дау-дамай, жанжал ¨~ (between A and B) a long-running feud between the two artists – екі өнер шебері арасындағы бұрыннан келе жатқан егес ¨~ (with sb) a feud with the neighbours – көршілермен арадағы егес ¨a family feud – отбасы/үйелмен ішіндегі егес ¨~ (over sb/sth) a feud over money – ақшаға бола дауласу B.v ~ (with sb) егесу, ерегісу, дауласу, жанжалдасу ¨He has been feuding with his brother for years. – Бауырымен жылдар бойы дауласып жүрді. ¨feuding families/gangs – жанжалдасқан жанұялар/содырлар