fiddle [ˈfɪdl] A.v 1. ~ (with sth) қолын жыбырлата, қыбырлата беру, түрте беру, түртіншектену ¨He was fiddling with his keys while he talked to me. – Менімен сөйлескен кезде ол кілттерін түрткілей берді. 2. ~ sth (informal) бұрмалау, жымысқылану, көзбояу ¨to fiddle the accounts – есептерді бұрмалау ¨She fiddled the books while working as an accountant. – Бухгалтер болып істеп жүрген кезінде ол компанияның есеп-қисабын жайғаған/бұрмалаған. 3. (informal) скрипка ойнау 4. (phr v) *fiddle about/around күйбеңдеу, жыбырлау, тырбану *fiddle about/around with sth/fiddle with sth a)түртіншектену; түзеткіштеу ¨I've been fiddling about with this design for ages. – Осы жобаны/сызбаны соншама уақыт айналдырып келемін. b) тиіскіштеу, шұқылану ¨Who's been fiddling with the TV again? – Телевизорды тағы кім шұқылаған? B.n (informal) 1. = violin 2. (BrE) алаяқтық, жымысқылық, көзбояушылық (syn: fraud) ¨an insurance/tax fiddle – сақтандырудағы/салықтағы жымысқылық 3. (BrE) қозғалту, орнықтыру 4.(BrE) қиын іс 5. (idm) *be on the fiddle (BrE) алаяқтық, жымысқылық жасау ¨Their accountant has been on the fiddle for years. – Олардың бухгалтері көптеген жыл бойы жымысқылық жасап келген. *play second fiddle (to sb/sth) маңызсыздау деп қарау; маңызсыздау болу ¨I'm not going to play second fiddle to anyone. – Ешкімнің ығында жүрейін деп тұрғамын жоқ. ¨The narrative in this book plays second fiddle to the excellent photographs. – Бұл кітапта баяндалғандар ондағы тамаша фотосуреттердің тасасында қалады екен.