field [fiːld] A.n 1.алқап, жер, дала, қорық, егістік ¨People were working in the fields. – Қорықта/Алқапта істеп жатқан елдер/кісілер. ¨a ploughed field – жыртылған егістік ¨a field of wheat – бидай егістігі ¨We camped in a field near the village. – Біз ауылдың жанындағы алқапқа жайғастық. 2.алаң ¨a landing field – қону алаңы ¨a medal for bravery in the field (of battle) – ұрыс алаңындағы ерлігі үшін медаль 3.жер, алқап, алап, кен, көз, аймақ, аудан ¨ice fields – мұзды алаптар ¨gas fields – газ кендері 4.сала (syn: area) ¨famous in the field of music – музыка саласында әйгілі ¨I enjoy meeting people in other fields of business. – Бизнестің басқа салаларындағы кісілермен жүздескенді ұнатамын. ¨All of them are experts in their chosen field. – Олардың барлығы да өздері таңдаған салалардағы эксперттер. ¨This discovery has opened up a whole new field of research. – Бұл жаңалық зерттеудің бүтіндей жаңа бір саласын ашты. 5.практикалық жағдай, жұмыс жағдайы ¨a field study/investigation – жұмыс жағдайындағы зерттеу/тексеру ¨field research/methods – жұмыс жағдайындағы зерттеу/әдістер ¨We then tested the questionnaire in field conditions. – Сосын сауалнаманы жұмыс жағдайында сынадық. ¨essential reading for those working in the field – жұмыс істейтіндер үшін маңызды оқулық 6. (BrE also pitch) алаң ¨a baseball/rugby/football field – бейсбол/рэгби/футбол алаңы ¨a sports field – спорт алаңы ¨Today they take the field against county champions Essex. – Бүгін олар аудан чемпионы Эссекспен тартысу үшін алаңға шығады. ¨Players are only reselected if they retain their form on the field. – Ойыншылар тек өз формаларын/бабын сақтаса ғана қайтадан таңдалады. ¨For Liverpool fans, it was a night to remember both on and off the field. - Ливерпул жанкүйерлері үшін бұл өзі бір мәре-сәре болып есте қалатын түн болды. 7.спорт жарысы, думаны ¨The field includes three world-record holders. – Жарысқа үш әлем рекордшылары қатысады. 8.сала, бағыт ¨They lead the field in home entertainment systems. – Олар - үйдегі ойын-сауық жүйелері саласында алда. 9. (физ) өріс ¨the earth's gravitational field – жердің гравитациялық/тартылу өрісі ¨an electro-magnetic field – электромагнит өрісі 10.жолақ, жол ¨You will need to create separate fields for first name, surname and address. – Аты-жөні және адресі үшін бөлек жолдар енгізу қажет. 11. (idm) *leave the field clear for sb/leave sb in possession of the field тізгінді біреудің қолына беру, біреуге мүмкіндік жасау дег мағ ¨The complete disarray of the opposition parties leaves the field clear for the government to implement urgent reforms. – Оппозициялық партиялар арасындағы ырың-жырың үкіметке шұғыл реформалар жүгізуге жол ашты. *play the field (informal) түрлі адаммен жыныс қатынасына түсу B.v 1.~ sb/sth (кандидат, өкіл, ойыншы, т.с.с.) ұсыну, шығару ¨Each of the main parties fielded more than 300 candidates. – Ірі партиялардың әрқайсысы 300-ден көп кандидат ұсынды. ¨England fielded a young side in the World Cup. – Англия әлем кубогында жастар тобын шығарды. 2. ~ sth допты қақшып алып, кері лақтыру ¨He fielded the ball expertly. – Ол допты шебер қақшыды. 3.~ sth сауалдар мен пікірлер алып, олармен айналысу ¨The BBC had to field more than 300 phone calls after last night's programme. – Соңғы түнгі хабардан кейін Би-Би-Сиге 300-ден көп хат-хабар келіп түсті.