fight [faɪt] A.v (fought, fought [fɔːt]) 1.соғысу, ұрысу, шайқасу, айқасу, қақтығысу ¨soldiers trained to fight – ұрысуға/соғысуға/қақтығысуға шыныққан солдаттар ¨He fought in Vietnam. – Ол Вьетнамда соғысқан. ¨~ against sb My grandfather fought against the Fascists in Spain. – Атам фашистерге қарсы Испанияда соғысқан. ¨~ sb/sth to fight a war/battle – соғыста/шайқаста айқасу ¨They gathered soldiers to fight the invading army. – Олар басқыншы армиямен соғысу үшін солдаттарды/сарбаздарды жинады 2.~ (sb) төбелесу, соғысу, айқасу, арпалысу, қақтығысу ¨My little brothers are always fighting. – Інілерім төбелеседі де жүреді. ¨She'll fight like a tiger to protect her children. – Ол балаларын қорғау үшін жолбарысша арпалысады. 3.тартысу, күресу ¨~ sb/sth (for sth) to fight an election/a campaign – сайлауға түсу/науқанға қатысу ¨~ for sth She's fighting for a place in the national team. – Ол ұлттық командаға ену үшін тартысуда. ¨~ (sb) for sth He fought his wife for custody of the children. – Ол балаларын өзіне қалдыру үшін әйелімен соттасты. ¨~ sth I'm determined to fight the case. – Мен бұл істе соттаспаққа бел буып отырмын. 4. ~ (sth) күресу ¨to fight racism/corruption/poverty – нәсілшілдікпен/парақорлықпен/кедейлікпен күресу ¨Workers are fighting the decision to close the factory. – Жұмысшылар заводты жабу жөніндегі шешіммен күресуде. ¨The fire crews had problems fighting the blaze. – Өрт сөндірушілер жалынмен айқаста біраз қиналды. ¨We will fight for as long as it takes. – Қанша(ма) қажет болса, сонша(ма) күресеміз. ¨~ (for sth) He's still fighting for compensation after the accident. – Ол оқиғадан кейін өтемақы алу үшін әлі күресуде. ¨~ your way… She gradually fought her way to the top of the company. – Ол баяу күресе жүріп компанияның басқармасына қарай сырғыды. ¨~ to do sth Doctors fought for more than six hours to save his life. – Оның өмірін құтқарып қалу үшін дәрігерлер алты сағаттан артық арпалысты. 5. ~ (with sb) (about/over sth) айтысу, тартысу ¨It's a trivial matter and not worth fighting about. – Бұл пәлендей маңызды, тартысуға тұрарлық іс емес. ¨I remember lying in bed listening to my parents fighting. – Төсекте әке-шешемнің ұрсысын естіп жататыным есімде. 6. ~ (sb) бокстасу, түйісу ¨Doctors fear he may never fight again. – Дәрігерлер ол ендігәрі түйісе/бокстаса ала ма деп қорқады. 7. (idm) *fight your/sb'scorner (BrE) өз көзқарасын қорғау *fight fire with fire оттың бетін отпен қайтару, қарсыластың істегенін өзіне істеу *fight for (your) life өз өмірі үшін күресу ¨A young cyclist is fighting for his life after the accident. – Соқтығыстан кейін жас велосипедші өмірі үшін жанталасуда. *a fighting chance қауқар көрсететін мүмкіндік ¨We still have a fighting chance of beating them and winning the Cup. – Олардың жеңіп, кубокты алатын мүмкіндігіміз әлі бар. ¨If you win this round then you still have a fighting chance. – Мына айналымда жеңіске жетсең, тағы бір мүмкіндігің сақталады. *fighting fit соншама бабында, зіңгіттей *fighting spirit (сөзбе-сөз: айқасу рухы) адуын, жігер *fighting talk (сөзбе-сөз: тиісе сөйлеу) қайрат көрсету ¨What we want from the management is fighting talk. – Менеджменттен/Басқармадан күтетініміз – қайрат көрсету. *fight a losing battle (сөзбе-сөз: жеңілетін шайқаста ұрысу) шамасы келмейтін нәрсеге кірісу ¨I'm fighting a losing battle against the mess in this house! – Үйдегі бастан асатын қоқсықпен арпалысып жатырмын. *fight shy of sth/of doing sth кібіртіктеу; құлықсыз істеу, жалтару ¨Successive governments have fought shy of such measures. – Бірінен соң бірі келген үкіметтер бұндай шаралардан жалтарып келді. ¨Ellen fights shy of parties - she hates crowds. – Еллен жиын-сауықтан қашады – көпшілікті жақсы көрмейді. *fight to the death/finish өлгенше, жеңілгенше айқасу, соғысу *fight tooth and nail беріспей/ тістене айқасу, текетіресу ¨The residents are fighting tooth and nail to stop the new development. – Тұрғындар жаңа жобаны тоқтату үшін жанталаса айқасуда. *fight your own battles өз қамын өзі жеу, өзі үшін өзі күресу ¨I wouldn't get involved - he's old enough to fight his own battles. – Килікпеймін/Кіріспеймін – өзі үшін күресе алатын жасқа келді ғой. 8. (phr v) *fight back (against sb/sth) қарсы шығу, қарсыласу ¨Don't let them bully you. Fight back! – Оларға тиіскізбе өзіңді. Қарсылас! ¨It is time to fight back against street crime. – Көшедегі қылмысқа қарсы шығатын уақты келді. *fight sth back/down сезімін тізгіндеу, өзін-өзі ұстау, білдірмеуге тырысу ¨I was fighting back the tears. – Көз жасымды тыюға тырысып жаттым. ¨He fought down his disgust. – Жиіркенішін көрсетпеуге тырысты. *fight sb/sth off қарсыласу ¨The jeweller was stabbed as he tried to fight the robbers off. – Зергер ұрылармен айқасқан кезде пышақталды. *fight out sth/fight it out біткенше, болғанша айқасу, дауласу ¨The conflict is still being fought out. – Жанжал әлі жалғасуда. ¨They hadn't reached any agreement so we left them to fight it out. – Олар бір келісімге келмегеннен соң дауларын жалғастырсын деп кеттік. B.n 1.төбелес, соғыс, айқас, шайқас, қақтығыс; жарыс ¨~ (with sb/sth) He got into a fight with a man in the bar. – Ол барда бір адаммен төбелесіп қалыпты. ¨a street/gang fight – көше/бұзықтардың қақтығысы/төбелесі ¨~ (between A and B) A fight broke out between rival groups of fans. – Қарсылас топтардың жақтастары арасында төбелес/қақтығыс бұрқ ете түсті. ¨a world title fight – әлем чемпиондығына айқас ¨The team put up a good fight but were finally beaten. – Команда тәуір-ақ айқасқанымен, соңында жеңіліп қалды. ¨She now has a fight on her hands to make it through to the next round. – Келесі айналымға өту үшін ол аянып қалмауы керек. ¨In the fight for Lemburg, the Austrians were defeated. – Лембург үшін шайқаста австриялықтар жеңіліп қалды. 2.күрес, соғыс, айқас ¨~ (against sth) the fight against crime – қылмысқа қарсы/-пен күрес ¨~ (for sth) a fight for survival – аман қалу үшін жанталас ¨~ (to do sth) Workers won their fight to stop compulsory redundancies. – Жұмысшылар міндетті жұмыстан шығаруларды/босатуларды тоқтатуға бағышталған күресін жеңіп шықты. 3.жарыс, күрес, айқас ~ (with sb) (over/about sth) (especially NAmE) ұрсысу, салғыласу, керісу ¨Did you have a fight with him? – Онымен ұрсысып қалдың ба? ¨We had a fight over money. – Ақшаға бола ұрсысып/керісіп қалдық. 4.адуын, жігер, өжеттік ¨In spite of many defeats, they still had plenty of fight left in them. – Талай рет жеңілгендеріне қарамастан олардың өжеттігі жасымады. ¨Losing their leader took all the fight out of them. – Басшыларынан айырылғаны оларды тұқыртып тастады. 5. (idm) *a fight to the finish ұзақ айқасу, соңына дейін бару ¨Six teams are bitter rivals in what will be a fight to the finish. – Алты команда – бітіспес/беріспес бәсекелестер, сондықтан бір сұмдық айқас болайын деп тұр.