figure [ˈfɪɡə(r)] A.n 1. көрсеткіш, сан, мөлшер ¨the latest trade/sales/unemployment figures – соңғы сауда/сату/жұмыссыздық көрсеткіштері ¨Figures for April show a slight improvement on previous months. – Сәуір айының көрсеткіштері одан бұрынғы аймен салыстырғанда сәл жетілуді көрсетеді. ¨By 2009, this figure had risen to 14 million. – 2009 жылы бұл көрсеткіш 14 миллионға көтерілген. ¨The final figure looks like being much higher than predicted. – Қорытынды көрсеткіш болжанғаннан гөрі әлдеқайда көп болатын сияқты. ¨Experts put the real figure at closer to 75%. – Эксперттер нақты көрсеткіш 75%-ке жақын дейді. 2.сан ¨Write the figure ‘7’ on the board. – Тақтаға «7» санын жаз(ғын). ¨a six-figure salary – алты саннан тұратын жалақы ¨His salary is now in six figures. – Оның жалақысы енді алты саннан тұрады. 3. ~s (informal) есеп шығару, арифметика (syn: arithmetic) ¨Are you any good at figures? – Есеті жақсы шығара аласың ба? ¨I'm afraid I don't have a head for figures. – Осы есеп шығаруға басым жете қоймас деп қорқамын. 4.тұлға, адам, қайраткер ¨a leading figure in the music industry – музыка индустриясындағы жетекші/белді тұлға ¨a political figure – саяси тұлға ¨a figure of authority – билігі бар адам ¨When she last saw him, he was a sad figure - old and tired. – Ол оны соңғы рет көргенде көңілсіз адам қалпында болды – қартайып, қажыған. ¨a relatively unknown figure in the world of fashion – сән дүниесіндегі пәлендей белгілі емес тұлға/адам ¨one of the most popular figures in athletics – атлетикадағы өте танымал тұлғалардың бірі ¨The central figure in the painting is the artist's daughter. – Суреттегі басты тұлға – суретшінің қызы. 5.сұлба, фигура ¨a tall figure in black – қара киген ұзын сұлба ¨I saw a shadowy figure approaching. – Бір күңгірт сұлбаның жақындап келе жатқанын көрдім. 6.сын, мүсін, тұрық, пішін, фигура ¨She's always had a good figure. – Оның сыны/мүсіні ылғи да жақсы болатын. ¨I'm watching my figure. – Өз сынымды/мүсінімді күтемін. 7.мүсін, скульптура ¨a bronze figure of a horse – аттың жез мүсіні 8.(abbr fig.) кесте, диаграмма ¨The results are illustrated in figure 3. – Қорытындылар 3-кестеде берілген. 9.(геометрияда) фигура, пішін ¨a five-sided figure – бес бұрышты/жақты фигура ¨a solid figure – көлемді/нақты фигура (м.: куб, конус) 10.фигура, өрнек (мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудағы әдемі қозғалыс) ¨The skater executed a perfect set of figures. – Сырғанаушы/Конькиші бірқатар әдемі өрнектер жасады. 11. (idm) *be/become a figure of fun сайқымазаққа айналу, күлкі болу *cut a… figure (кісі ж) белгілі бір кейіпте, күйде болу ¨He cut a striking figure in his white dinner jacket. – Өзінің ақ сынды жакетінде ол келіскен бір тұлға болып көрінді. *put a figure on sth нақты санын не бағасын айту ¨It's impossible to put a figure on the number of homeless people in London. – Лондондағы үйсіздердің нақты санын айту мүмкін емес. B.v 1.бөлігі болу, көріну (syn: feature) ¨My feelings about the matter didn't seem to figure at all. – Мәселеге қатысты сезімдерім мүлде айтылмаған сияқты. ¨~ (as sth) (in/on/among sth) Do I still figure in your plans? – Жоспарларыңда мен бармын ба? ¨The question of the peace settlement is likely to figure prominently in the talks. – Бейбіт реттеу мәселесі келіссөздерде ерекше сөз болатын сияқты. ¨It did not figure high on her list of priorities. – Оның маңызды істерінің тізімінде мен жоғары тұрмадым. 2. (informal) ойлау, шешу ¨~ (that)… I figured (that) if I took the night train, I could be in Scotland by morning. – Түнгі поезға отырсам, таңертеңгісін Шотландияда боламын деп ойладым. ¨We figured the sensible thing to do was to wait. – Әліптің артын баққан дұрыс болар деп ойладық. ¨~ sth That's what I figured. – Дәп солай болар деп ойлағанмын. ¨~ why, whether, etc… He tried to figure why she had come. – Ол оның неге келгенін ұққысы/болжағысы келді. 3. ~ sth (at sth) (NAmE) есептеу ¨We figured the attendance at 150 000. – Жиналғандар 150 мың болады деп есептедік. 4. (idm) *go figure (NAmE, informal) түсініп көр, ұғып болмайсың дег мағ ¨It's a terrible movie and it made $200 million. Go figure! – Сұмдық кино болып тұрып $200 миллион түсірген. Түсініп көргін/Ұғып болмайсың! *it/that figures солай болар, солай ғой дег мағ ¨‘John called in sick.’ ‘That figures, he wasn't feeling well yesterday.’ – «Джон ауырып, келе алмайтынын хабарлады». «Солай болар, кеше нашар сезініп тұрған». ¨‘She was late again.’ ‘Yes, that figures.’ – «Ол тағы кешігіп келді». «Иә, сол баяғысы ғой». 5. (phr v) *figure on sth/figure on (sb/sth) ойластыру; (бірн-се болады деп) күту (syn: plan on) ¨I hadn't figured on getting home so late. – Үйге соншама кеш ораламын деп ойламаппын. *figure sb/sth out a)(біреуді/бірн-ні) сезіп білу, біле алу (syn: work out) ¨We couldn't figure her out. – Біз ол екенін біле алмадық. ¨~ how, what, etc… I can't figure out how to do this. – Бұны қалай істейтінін біле алмай тұрмын. b)есептеп шығару, есептеп білу (syn: work out) ¨~ how, what, etc… Have you figured out how much the trip will cost? – Сапардың қанша (ақша) болатынын есептеп біле алдың ба?