fill [fɪl] A.v 1.толтыру, толу ¨~ sth Please fill this glass for me. – Стаканымды толтырыңызшы. ¨to fill a vacuum/void – вакуумды/бос жерді толтыру ¨The school is filled to capacity. – Мектеп барынша толған. ¨Smoke filled the room. – Бөлме түтінге толды. ¨The wind filled the sails. – Жел желкенді керді. ¨A Disney film can always fill cinemas. – Дисней фильмі кинотеатрларды қашан да көрерменге толтыра алады. ¨~ sth with sth to fill a hole with earth/a bucket with water – ойықты топырақ төгіп бітеу/шелекті суға толтыру ¨~ sth Fill a pan half full of water. – Табаның ортасына дейін су құй(ғын). ¨~ (with sth) The room was filling quickly. – Бөлме тез толып бара жатты. ¨Her eyes suddenly filled with tears. – Кенет көзіне жас толды. ¨The sails filled with wind. – Жел керген желкендер. 2. ~ sth (with sth) бітеу, толтыру ¨The crack in the wall had been filled with plaster. – Қабырғадағы жарықты гипспен бітеді. ¨I need to have two teeth filled. – Екі тісіме пломба қойғызуым керек. ¨(figurative) The product has filled a gap in the market. – Өнім базардағы тапшылықтың орнын толтырды. 3. ~ sb (with sth) бойды сезім кернеу ¨We were all filled with admiration for his achievements. – Оның жетістіктеріне деген тамсаныс бойымызды кернеді. 4. -filled толған, толы ¨a smoke-filled room – түтінге толған бөлме ¨a fun-filled day – қызыққа толы күн 5. ~ sth (мұқтаждықтын орнын) толтыру ¨More nurseries will be built to fill the need for high-quality child care. – Жоғары сапалы сәби күтуге мұқтаждықтың орнын толтыру үшін көптеп бала бақшалары салынатын болады. 6. ~ sth жұмысын атқару ¨He fills the post satisfactorily. – Ол тәуір істейді. ¨The team needs someone to fill the role of manager very soon. – Командаға тез арада басқарушының міндетін атқаратын біреу керек. 7. ~ sth қызметке тағайындау ¨The vacancy has already been filled. – Бос жұмыс орны толған. 8. ~ sth (up) (уақытты) толтыру, өткізу ¨How do you fill your day now that you've retired? – Енді зейнетте жүріп уақытыңды немен толтырасың? 9. ~ sb/yourself (up) (with sth) (informal) қарын толтыру ¨The kids filled themselves with snacks. – Балалар печеньемен қарын толтырды. 10. ~ sth заказды орындау 11. (idm) *fill sb's shoes/boots біреуді жоқтатпау, біреудің орнына жұмыс істей тұру 12. (phr v) *fill in (for sb) біреудің орнына жұмыс істей тұру *fill sth in a) (BrE) анкета, т.с.с. толтыру ¨to fill in an application form – арыз үлгісін/формасын толтырыңыз ¨To order, fill in the coupon on p 54. – Заказ/Тапсырыс беру үшін 54 беттегі купонды толтырыңыз. b)бітеу, толтыру ¨The hole has been filled in. – Тесік/Ойық бітелді. c)уақыт толтыру, өткізу ¨He filled in the rest of the day watching television. – Сол күннің қалған уақтында ол телевизор көрумен болды. d)сызбаның (фигураның) ішін бояу *fill sb in (on sth) біреуге болған оқиға жайлы айтып беру *fill out ұлғаю, дөңгелену, толық бола түсу *fill sth out = fill sth in (a)) *fill up (with sth)/fill sth up (with sth) толып кету; толтырып тастау ¨The ditches had filled up with mud. – Арықтар балшыққа толып қалған. ¨to fill up the tank with oil – бакты жанармаймен толтыру B.n get your ~ (of sth/sb) қалағанынша, қанғанша істеу, т.с.с. ¨I've had my fill of entertaining for one week. – Бір жеті бойы қанғанша думандаттым. ¨I go to my mother’s house every week to get my fill of her home cooking. – Үй(дің) тамағына әбден тою үшін әр апта анамның үйіне барамын. ¨All we had was what was left after the guests had eaten their fill. – Қонақтар ішіп-жеп болғаннан қалғаны бізге тиді. ¨The pigs had had their fill of the leftovers. – Шошқалар қалған-құтқанға әбден тойды.