fine 1 [faɪn] A.adj (finer, finest) 1.үздік, тамаша ¨a very fine performance – үздік/тамаша орындау ¨fine clothes/wines/workmanship – тамаша киімдер/шарап/іскерлік ¨a particularly fine example of Saxon architecture – саксон архитектурасының үздік мысалы ¨the finest collection of paintings in Europe – Европадағы суреттердің/картиналардың үздік жинағы ¨She's a fine actor and an even finer dancer. – Ол үздік актер және одан да өткен биші. ¨Jim has made a fine job of the garden. – Джим бақшада тамаша жұмыс істеді. ¨people who enjoy the finer things in life – өмірдегі тамаша нәрселерді жақсы көретін кісілер ¨He tried to appeal to their finer feelings. – Ол адамдар үшін ең қастерлі сезім перделерін тербе(т)уге тырысты. ¨It was his finest hour as manager of the England team. – Бұл оның ағылшын командасының бапкері ретіндегі ең тамаша сәті еді. ¨He was a fine man. – Ол тамаша кісі еді. ¨His speech was full of fine words which meant nothing. – Сөздері алуан реңкті/әсем болғанымен мағынасыз еді. 2.тамаша, өте жақсы ¨‘How are you?’ ‘Fine, thanks.’ – «Қалай қалың(ыз)? «Тамаша, рахмет». ¨I was feeling fine when I got up this morning. – Таңертеңгісін тұрғанда тамаша сезініп тұрдым. ¨‘How's your throat?’ ‘It's fine as long as I don't cough.’ – «Тамағың қалай?» «Жөтелмесем - тамаша болғаны/деген сөз». 3.дұрыс, тамаша ¨‘I'll leave this here, OK?’ ‘Fine.’ – «Бұны мына жерге тастаймын, бола ма?» «Бопты». ¨‘Bob wants to know if he can come too.’‘ That's fine by me.’ – «Боб өзі де келсе қалай болады дейді». «Мен бопты деймін ғой». 4.жақсы, дұрыс ¨Don't worry. Your speech was fine. – Қобалжыма. Сөзің жақсы шықты. ¨You go on without me. I'll be fine. – Менсіз жалғастыра бер. Бәрі де жақсы болады. ¨‘Can I get you another drink?’ ‘No, thanks. I'm fine.’ – «Тағы сусын берейін бе сізге?» «Рахмет. Бәрі жақсы». ¨(ironic) This is a fine mess we're in! – Сұмдық пәлеге қалдық-ау! ¨(ironic) You're a fine one to talk! – Елге бірдеңе деп күлкі болмай-ақ қойшы! 5.тамаша, тартымды ¨a fine view – тамаша көрініс ¨a fine-looking woman – тартымды әйел ¨a fine figure of a man – еркектің әсем тұрқы 6.нәзік ¨fine bone china – нәзік фарфор ¨She has inherited her mother's fine features. – Оған анасының тамаша келбеті/кескіндері беріліпті. 7. (especially BrE) (ауа райы ж) тамаша, шайдай ашық ¨a fine day/evening – тамаша күн/кеш ¨I hope it stays fine for the picnic. – Көкке шыққанда тамаша болып тұрады деп ойлаймын. 8.жіп-жіңішке, қылдай, түктей ¨fine blond hair – жіп-жіңішке сары шаш ¨a fine thread – қылдай жіп ¨a brush with a fine tip – қылшықтары түктей щетка 9.титтей, ұп-ұсақ, жіп-жіңішке, болар-болмас, әлсін (syn: subtle) ¨You really need a magnifying glass to appreciate all the fine detail. – Барлық ұсақ-түйекті бағалау үшін шынымен де лупа керек. ¨There's no need to make such fine distinctions. – Соншама тәптіштеудің керегі жоқ. ¨There's a fine line between love and hate. – Махаббат пен кек(тің) арасының аражігі білінер-білінбес. ¨We still have to iron out the finer details. – Ұсақ-түйектерді әлі де ойластыруымыз керек. 10.өте ұсақ түйіршікті, нәзік (opp: coarse) ¨fine sand – ұп-ұсақ/ұнтақ құм ¨Use a finer piece of sandpaper to finish. – Бітіру үшін нәзік наждак пайдалан. 11. (technical) саф, нағыз, таза ¨fine gold – саф алтын 12. (idm) *get sth down to a fine art (informal) «бірнәрсені өнерге айналдыру», тамаша деңгейге жету ¨He's got sandwich making down to a fine art. – Сәндуич жасауды ол өнерге айналдырыпты. *not to put too fine a point on it турасын, тоқетерін айтқанда ¨Her performance, not to put too fine a point on it, was terrible. – Тоқетерін айтқанда, оның орындасы сұмдық болды. B.adv 1.(informal) дұрыс, жақсы, тәуір ¨Keep going like that - you're doing fine. – Осылай жалғастыра бер – тәуір істеудесің. ¨Things were going fine until you showed up. – Сен келгенше бәрі де тәуір еді. ¨That arrangement suits me fine. – Ол жоспар маған оңтайлы. ¨(BrE) An omelette will do me fine. – Омлеттің өзі де жетіп жатыр маған. 2. (idm) *cut it/things fine (informal) аз ғана уақыт қалдыру ¨If we don't leave till after lunch we'll be cutting it very fine. – Түскі астан кейін жүрмесек, үлгеруіміз қиын болады.
fine 2 [faɪn] A.n айыппұл, штраф ¨Offenders will be liable to a heavy fine. – Тәртіп бұзушыларға ауыр айыппұл салынатын болады. ¨Under the new law, motorists face fines of up to £1 000. – Жаңа заңға сай, жүргізушілерге £1 000-қа дейін айыппұл салынуы мүмкін. ¨She has already paid over $2 000 in fines. - Ол $2 000-дан астам айыппұл ретінде төледі. B.v айыппұл салу, штраф төлету ¨~ sb (for sth/for doing sth) She was fined for speeding. – Оған қатты айдағаны үшін штраф салынды. ¨~ sbsth (for sth/for doing sth) The company was fined £20 000 for breaching safety regulations. – Компанияға қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін £20 000 айып салынды.