finish [ˈfɪnɪʃ] A.v 1.бітіру, аяқтау, тәмәмдау, болу, тауысу ¨~ (sth) Haven't you finished your homework yet? – Үй тапсырмасын әлі біткен/болған жоқпысың? ¨She finished law school last year. – Ол өткен жылы заң мектебін бітірген. ¨I thought you'd never finish! – Сен ешқашан бітірмес деп ойлап едім! ¨I'll just finish the chapter then I'll come. – Тарауды бітірем дағы келемін. ¨a beautifully finished piece of furniture – Әдемі жасалған жиһаз ¨He put the finishing touches to his painting. – Ол суретіне/картинасына соңғы бояулар жақты. ¨~ doing sth Be quiet! He hasn't finished speaking. – Тыныш! Ол әлі сөйлеп біткен жоқ. ¨‘And that was all,’ she finished. – «Айтайын дегенім осы», деп аяқтады сөзін. 2.біту, аяқталу, тәмәмдалу ¨The play finished at 10.30. – Пьеса сағат 10.30-да аяқталды. ¨~ with sth The symphony finishes with a flourish. – Симфония шарықтай аяқталады. ¨~ sth A cup of coffee finished the meal perfectly. – Бір аяқ кофе тамақты орнына түсірді. 3. ~ sth (off/up) бітіру, тауысу ¨He finished off his drink with one large gulp. – Сусынды бір сіміргеннен қағып салды. ¨We might as well finish up the cake. – Тортты жеп тастасақ болады ғой. 4.(пәлен орында) келу, аяқтау ¨She was delighted to finish second. – (Өзінің) екінші болып келгеніне қуанды. ¨The dollar finished the day slightly down. – Доллар күннің соңына қарай сәл түсті. ¨He finished 12 seconds outside the world record. – Ол әлем рекордына 12 секунд жетпей қалды. 5.~ sb (off) (informal) қалжырау, діңкелеу ¨Climbing that hill really finished me off. – Ана төбеге шығамын деп шынымен де құрыдым. ¨A lecture from my parents now would just finish me. – Енді ата-анам лекция оқыса, шаруамның біткені. 6. (phr v) *finish sb/sth off (informal) (жаралы аңды) өлтіру, жанын алу; (бұзылған нәрсені) қирату, быт-шытын шығару ¨The hunter moved in to finish the animal off. – Аңшы жаралы аңды өлтірмек болып жақындады. *finish sth off бітіру, аяқтау ¨I need about an hour to finish off this report. – Мына баяндаманы бітіруге маған шамамен бір сағат керек. ¨They finished off the show with one of their most famous songs. – Олар шоуды/думанды өздерінің ең әйгілі әнімен аяқтады. *finish up… (BrE) ұрыну, душар болу, тыну, ұшырау, соқтығу ¨If you're not careful, you could finish up seriously ill. – Байқамасаң, оңбай ауырып тынасың. *finish with sb (BrE) қатынасын үзу, айырыл(ыс)у ¨She finished with her boyfriend last week. – Ол жігітімен өткен аптада айырылысты. ¨He'll regret he ever said it once I've finished with him. – Одан ат құйрығын үзген кезімде, маған осыны бекерге айтқанын ұғып өкінетін болады. *finish with sth бітіру, аяқтау; тастау ¨When you've finished with the book, can I see it? – Кітапты оқып бітірген кезіңде көрсем бола ма? ¨I've finished with gambling. – Құмар ойнауды тастадым. *finish (up) with sth бірнәрсемен аяқтау ¨We had a five-course lunch and finished up with coffee and mints. – Бес тағамнан тұратын ас ішіп, соңын кофе және тәттілермен аяқтадық. ¨To finish with, we'll listen to a few songs. – Бірнеше ән тыңдап барып аяқтаймыз. B.n 1.бірнәрсенің соңы, аяғы ¨a dramatic finish to the race – бәйгенің қауырт аяғы ¨It was a close finish, as they had predicted. – Болжанғандай, иін тіресе аяқтады. ¨They won in the end but it was a tight finish. – Ақыры олар жеңгенімен, соңына дейін бірін-бірі ала алмады. ¨The story was a lie from start to finish. – Бұл әңгіме бастан аяқ шылқыған өтірік еді. ¨I want to see the job through to the finish. – Жұмыс аяқталғанша болғым келеді. 2.сырдың, бояудың соңы; істің соңы ¨to apply extra coats of finish – сырды бірнеше рет жағып бітіру ¨a gloss/matt finish – жарқыраған/күңгірт реңк ¨furniture available in a range of finishes – түрлі реңктегі жиһаз бар ¨The bows will give a feminine finish to the curtains. – Доғалар перделерге әйледік сын береді.