fire [ˈfaɪə(r)] A.n 1.от, жалын; жану ¨Most animals are afraid of fire. – Көптеген жануарлар оттан қорқады. 2.өрт ¨The car was now on fire. – Енді машина өртене/жана бастаған еді. ¨The warehouse has been badly damaged by fire. – Қойманы өрт оңбай бүлдірді. ¨Several youths had set fire to the police car. – Жастардың бірнешеуі/Бірнеше жас полиция машинасына от қойды. ¨A candle had set the curtains on fire. – Майшам перделерді отқа орады. ¨These thatched roofs frequently catch fire. – Бұндай сабан төбелер жиі өртенеді. ¨forest fires – орман өрттері ¨A small fire had started in the kitchen. – Шағын өрт кухнядан шыққан. ¨Fires were breaking out everywhere. – Өрт әр жерден сумаң ете қалып жатты. ¨It took two hours to put out the fire. – Өртті сөндіру үшін екі сағат қажет болды. 3.от, алау (жанып жатқан ағаш, көмір, тсс үймесі) ¨to make/build a fire – алау/от жағу ¨a log/coal fire – ағаш/көмір оты/алауы ¨Sam had lit a fire to welcome us home. – Сәм бізді қонақ ету үшін үйін (отпен) жылытты. ¨Come and get warm by the fire. – Келіп, от жанында жылын. ¨We sat in front of a roaring fire. – Маздап жанған оттың алдында отырдық. 4. (especially BrE) жылытқыш (жабдық) ¨a gas/electric fire – газ/электр жылытқыш ¨Shall I put the fire on? – Жылытқышты/Жылуды қосайын ба? 5.оқ ату, тарсыл ¨a burst of machine-gun fire – автомат оғының сарқырауы ¨to return fire – қайыра оқ ату ¨The gunmen opened fire on the police. – Қарулы адамдар полицияға оқ атты. ¨Their vehicle came under fire. – Олардың көлігіне оқ жаудырды. ¨He ordered his men to hold their fire. – Ол өз адамдарына оқ атпауға бұйрық берді. ¨A young girl was in the line of fire. – Жас қыз атыс шебінде қалды/атысқа тап болды. ¨I'll give you covering fire while you try to escape. – Сен қашқан/жылыстаған кезде жауға оқ атып сені бүркейтін боламын. 6.алау(лаған сезім), жалын(даған күй) ¨Her eyes were full of fire. – Көздері алаулап тұрды. ¨The fire seemed to die in him when his wife left. – Әйелі тастап кеткенде оның жалыны сөнетіндей көрінген еді. 7. (idm) *be/come under fire қатты сынға ұшырау ¨The health minister has come under fire from all sides. – Денсаулық министріне жан-жақтан лап қойды/дүрсе қоя берді. *hang/hold fire теже(л)у, ірк(іл)у, бөге(л)у ¨The project had hung fire for several years for lack of funds. – Жоба қаржы болмағандықтан бірнеше жылға іркілді. *on fire денесі алаулау, қызып-жану ¨He couldn't breathe. His chest was on fire. – Тынысы тарылды. Кеудесі алаулап жатты. *play with fire «отпен ойнау», бассыздықпен қатерге бару B.v 1.оқ ату ¨The officer ordered his men to fire. – Офицер қол астындағыларға ат деп/атуға бұйырды. ¨~ on sb/sth Soldiers fired on the crowd. – Солдаттар жиналған жұртқа оқ атты. ¨~ sth They ran away as soon as the first shot was fired. – Оқ үні естілісімен олар тым-тырақай қашты. ¨~ (sth) (into sth) He fired the gun into the air. – Ол аспанға оқ атты. ¨~ (sth) (at sb/sth) Missiles were fired at the enemy. – Жауға ракеталар атылды. 2.атқылау, ату ¨We heard the sound of guns firing. – Мылтықтардың тарсыл-тұрсылын құлағымыз шалды. ¨~ sth A starter's pistol fires only blanks. – Үйренуші тапаншаны тек құры оқпен атады. 3. ~ sth жебе тарту, садақ оғын ату ¨She fired an arrow at the target. – Нысанаға жебе тартты/атты. 4. ~ sb жұмыстан шығару, істен босату (syn: sack) ¨We had to fire him for dishonesty. – Риялығы үшін оны жұмыстан шығаруымызға тура келді. ¨She got fired from her first job. – Алғашқы жұмысынан оны шығарып жіберді. ¨He was responsible for hiring and firing staff. – Ол қызметкерлерді жұмысқа алуға және одан шығаруға жауапты болды. 5. ~ sb (with sth) жандыру, қоздыру, толқыту, елірту ¨The talk had fired her with enthusiasm for the project. – Әңгіме жобаға деген ынтасын жандырып жіберді. ¨His imagination had been fired by the film. – Фильм оның қиялын қоздырды. 6.(моторды) оталдыру, оталу 7.бірнәрсемен жанатын ¨gas-fired central heating – газ жағатын орталық жылу жүйесі 8. ~ sth күйдіру ¨to fire pottery – қыш ыдыстарды күйдіру ¨to fire bricks in a kiln – кірпішті пеште күйдіру 9. (idm) *fire questions, insults, etc. at sb біреуге сұрақ, жаман сөздер, тсс жаудыру ¨The room was full of journalists, all firing questions at them. – Бөлме оларға сұрақ жаудырып жатқан журналистерге толы болды. 10. (phr v) *fire away (informal) «баста, кіріс енді» дег мағ ¨‘I've got a few questions.’ ‘OK then, fire away.’ – «Бірнеше сұрағым бар». «Бопты, баста». *fire sth off оқ ату, борату ¨They fired off a volley of shots. – Олар оқты бүркіп ке(лі)п жіберді. ¨(ауысп. мағ.) He fired off a letter of complaint. – Арыз жазып салды. ¨(ауысп. мағ.) She spent an hour firing off emails to all concerned. – Мүдделі адамдарға э-почта боратып бір сағат кетірді. *fire sb up қоздыру, толқыту, елірту ¨She's all fired up about her new job. – Жаңа жұмысын ойлап толқулы. *fire sth up (informal) жабдықты, тсс іске қосу ¨We need to fire up one of the generators. – Генераторлардың біреуін қосуымыз керек. ¨Let me fire up another window. – (Компьютерде) тағы бір терезе ашайын.