firm 1 [fɜːm] n фирма, кәсіпорын, компания ¨an engineering firm – инженерия компаниясы ¨a firm of accountants – есепшілер фирмасы

firm 2 [fɜːm] A. adj (~er, ~est) 1.мықты, мызғымас, мығым, бекем; қатты, қатқыл ¨a firm bed/mattress – мықты төсек/матрац ¨These peaches are still firm. – Мына шабдалылар әлі қатқыл/қатты екен. ¨It was good to feel the firm ground underfoot after hours of trudging through flooded fields. – Су басқан алқаптармен сағаттар бойы сүйретіліп жүргеннен соң қатты жер басудың өзі жақсы екен. ¨Bake the cakes until they are firm to the touch. – Кэкстерді қатайғаны қолға білінгенше пісір. 2.айнымас, өзгермес; берік ¨a firm believer in socialism – социализмге кәміл сенуші ¨a firm agreement/date/decision/offer/promise – берік келісім/нақты күн/кесімді шешім/нақты ұсыныс/нақты уәде ¨firm beliefs/conclusions/convictions/principles – шүбәсіз сенім (наным)/нақты қорытынды/берік ұстаным/берік принциптер ¨She is a firm favourite with the children. – Оны балалар сондай жақсы көредеі. ¨We have no firm evidence to support the case. – Бұл істі қолдарлық нақты айғағымыз жоқ. ¨They remained firm friends. – Олар айнымас дос болып қалды. ¨The euro remained firm against the dollar, but fell against the yen. – Евро долларға қарсы мықты тұр, алайда йенге шаққанда түсті. 3.мықты, берік (syn: secure) ¨Stand the fish tank on a firm base. – Балық жіберетін ыдысты орнықтыра қой. ¨No building can stand without firm foundations, and neither can a marriage. – Үй мықты фундаментсіз/негізсіз тұрмас, неке де сондай. 4.нығарланған, нық; берік, қатты, қысқан ¨‘No,’ she repeated, her voice firmer this time. – «Жоқ», деп қайталады ол – даусы бұл жолы нығырақ шықты. ¨With a firm grip on my hand, he pulled me away. – Қолымды қаттырақ/қыса ұстай ол мені сыртқа тартты. ¨She took a firm hold of my arm. – Қолымды мықтап ұстаған. ¨Her handshake was cool and firm. – Қол алысы салқын да мығым еді. 5.мықты, қатты ¨to exercise firm control/discipline/leadership – мықты бақылау орнату/күшті тәртіп орнату/мықты жетекшілік ету ¨Parents must be firm with their children. – Ата-аналар балаларын босаңсытпауы керек. ¨The company now has a firm footing in the marketplace. – Компания енді рынокқа орныққан. ¨This book will give your students a firm grasp of English grammar. – Мына кітап студенттерге ағылшын грамматикасын онықты оқытатын болады. ¨We need to keep a firm grip on the situation. – Жағдайды жіті қадағалауымыз керек. 6. (idm) *be on firm ground жағдайы мығым болу, сақадай сай болу, жақсы қамданған болу ¨Everyone agreed with me, so I knew I was on firm ground. – Кім болсын менімен келісті, сөйтіп жағдайымның мығым екенін ұқтым. *a firm hand «мықты қол», мығым бақылау, мықты тәртіп ¨Those children need a firm hand to make them behave. – Тәртібін дұрыстау үшін балаларға қатаңдау болу керек. *take a firm line/stand (on/against sth) мығым позиция, рай ұстану, айқын ұстанымда болу ¨We need to take a firm line on tobacco advertising. – Темекі жарнамасы бойынша қатаң позиция/рай ұстанғанымыз жөн. ¨They took a firm stand against drugs in the school. – Мектепке есірткі жолатпас үшін олар қатаң райда/ұстанымда болды. B. adv (idm) *hold firm (to sth) (formal) қатаң ұстану, айнымау ¨She held firm to her principles. – Ол принциптерін қатаң ұстанды/қағидаларынан/райларынан айнымады. *stand fast/firm мығым болу, айнымау C.v 1. ~ sth қатайту, мықтылау, бекемдеу ¨Firm the soil around the plant. – Өсімдік айналасындағы топырақты таптау/қаттылау. ¨This product claims to firm your body in six weeks. – Мына өнім денені алты аптада күшейтеді дейді. 2. ~ (to/at…) (finance) өсу, нығаю ¨Rank's shares firmed 3p to 696p. – Ранк/Рәңк акциялары/үлестері 3 пенс өсіп, 696 пенске жетті. 3. (phr v) *firm up қатаю, қоюлану ¨Put the mixture somewhere cool to firm up. – Қоспаны суып, қатаюы үшін бір жерге қой(ғын). *firm up sth а)нақтылау, бекіту, аяқтау ¨The company has not yet firmed up its plans for expansion. – Компания ұлғаюға қатысты жоспарларын әлі бекітпеді.  ¨The precise details still have to be firmed up. – Кейбір жайттарын әлі пысықтау керек. 2.қаттылау, қатайту ¨A few weeks of aerobics will firm up that flabby stomach. – Бірнеше жеті аэробикаға барған соң ана бос қарын қатая түседі.