first [fɜːst; NAmE fɜːrst] A.det, ordinal number 1.бірінші, алғашқы, тұңғыш ¨his first wife – бірінші әйелі/бәйбішесі ¨It was the first time they had ever met. – Олардың ең алғашқы кездесуі еді. ¨I didn't take the first bus. – Бірінші автобусқа отырмадым/мінбедім. ¨students in their first year at college – колледждегі бірінші курстағы студенттер ¨your first impressions – алғашқы әсерлеріңіз ¨She resolved to do it at the first opportunity. – Бірінші мүмкіндіктен-ақ істеуге ұйғарды. ¨King Edward I/King Edward the First – І/Бірінші Король Эдуард ¨the first of May/May 1st – бірінші мамыр/мамырдың бірі ¨His second book is better than his first. – Екінші кітабы біріншісінен жақсырақ. 2.ең маңызды, ең басты ¨Your first duty is to your family. – Ең басты міндетің – отбасы қамы. ¨She won first prize in the competition. – Сайыстағы бас жүлдені ұтты. ¨an issue of the first importance – бірінші кезектегі/ең маңызды мәселе 3. (idm) *there's a first time for everything (saying, humorous) басқа бір келер/ түсер, әйтеуір бір болады B.adv 1.алдымен, әуелі, бірінші ¨‘Do you want a drink?’ ‘I'll finish my work first.’ – «Сусын ішкің(із) келе ме?» «Алдымен ісімді бітірейін». ¨First I had to decide what to wear. – Алдымен не киерімді шешу(ім)/білу(ім) керек болды. ¨Who came first in the race? – Жарыста кім бірінші келді? ¨It plunged nose first into the river. – Өзенге оның алдымен тұмсығы күмп етті. 2.алғаш (рет), тұңғыш (кез), бірінші ¨When did you first meet him? – Алғаш рет оны оны қашан кезіктіріп едің? 3.біріншіден, алдымен (syn: firstly) ¨This method has two advantages: first it is cheaper and second it is quicker. – Бұл әдістің екі артықшылығы бар – біріншіден, бұл – арзан, сосын – жылдам. 4.қырсыққанды, қайтсе де істемейтіндікті білдіреді ¨She swore that she wouldn't apologize - she'd die first! – Кешірім сұрамаймын деп серт етті – иліксе өліп кетер! 5. (idm) *at first алғашында, алдымен, әуелі, әупірімнен ¨I didn't like the job much at first. – Алғашында жұмыс маған онша ұнай қоймады. ¨At first I thought he was shy, but then I discovered he was just not interested in other people. – Алғашында ол маған ұяң көрінген, сосын оның басқа адамдарға құлқы жоғын байқадым. ¨(saying) If at first you don't succeed, try, try again. – Әупірімнен болмаса, қайталап көр. *come first ең маңызды ¨In any decision she makes, her family always comes first. – Қандай шешім қабылдаса да өз отбасы бірінші орында тұрады. *first and foremost ең алдымен, ең бастысы, бәрінен бұрын ¨He does a little teaching, but first and foremost he's a writer. – Ол көп оқытпайды, ең алдымен ол – жазушы. *first and last мүлде, толықтай, тек ¨She regarded herself, first and last, as a musician. – Ол өзіне тек музыкантпын деп қарайтын. *first come, first served (saying) бірінші келгенге бірінші қызмет көрсетіледі, тек кезек бойынша ¨Tickets are available on a first come, first served basis. – Билеттер тек кезек бойынша беріледі. *first of all ең алдымен, бәрінен бұрын ¨First of all, let me ask you something. – Ең алдымен, сенен/сізден бірнәрсе сұрайын. ¨The content of any article needs, first of all, to be relevant to the reader. – Кез-келген мақаланың мазмұны, ең алдымен, оқырманды елең еткізуі керек. *first off (informal, especially BrE) ең алдымен ¨First off, let's see how much it'll cost. – Ең алдымен, бұның бағасын білейік. *first up (BrE, informal) алдымен, бәрінен бұрын *put sb/sth first ең маңызды болу, бірінші орынға, бұрын қою ¨She always puts her children first. – Ол ылғи да балаларын бұрын қояды. C.n 1.the ~ (pl the ~) алғашқы, тұңғыш (істеуші, нәрсе) ¨I was the first in my family to go to college. – Жанұямызда колледжге тұңғыш барған мен болдым. ¨Sheila and Jim were the first to arrive. – Шила мен Джим бәрінен бұрын келді. ¨I'd be the first to admit I might be wrong. – Қателессем, бірден мойындаймын. ¨The first I heard about the wedding was when I saw it in the local paper. – Ең әуелі үйлену тойы жайлы жергілікті газеттен оқып білдім. 2.алғаш рет істелген нәрсе ¨We went on a cruise, a first for both of us. – Круизге шықтық, екеуміз үшін де бұл тұңғыш рет еді. 3. (also ~ gear) бірінші жылдамдық (первая скорость) ¨He stuck the car in first and revved. – Ол машинаны бірге/біріншіге салды да, машинаны бажылдатты. 4. ~ (in sth) Британия университеттеріндегі үздік/ең жоғарғы баға ¨She got a first in maths at Exeter. – Ол Эксетер университетінде математикадан үздік алды. 5. (idm) *first among equals «теңдердің арасындағы бірінші», топтың ішіндегі ең маңызды адам *from the (very) first әуел бастан, шу дегеннен ¨They were attracted to each other from the first. – Бір көргеннен-ақ олар бір-біріне емеурін танытты. *from first to last бастан аяқ, басынан аяғына дейін ¨It's a fine performance that commands attention from first to last. – Бұл бастан аяқ көңілді бұратын тамаша өнер көрсету болды.