fish [fɪʃ] A.n (pl ~ or ~es) 1.балық ¨They caught several fish. – Олар бірнеше балық ұстады. ¨tropical/marine/freshwater fish – тропикалық/теңіз/тұщы су балығы ¨shoals of fish – балық үйірлері/үйір-үйір балық ¨a fish tank/pond – балық салатын ірі ыдыс/тоған ¨There are about 30 000 species of fish in the world. – Әлемде балықтың 30 мың түрі бар. ¨The list of endangered species includes nearly 600 fishes. – Қауіп төнген жануарлардың тізімінде шамамен 600-дей балық бар. ¨Fish stocks in the Baltic are in decline. – Балтық теңізіндегі балық қорының көлемі азаюда. ¨In the pool she could see little silvery fish darting around. – Тоғанда ол әрі-бері ытқып жүрген кішкентай күміс түсті балық көрді. 2.балық (еті) ¨frozen/smoked/fresh fish – мұздатылған/қақталған/жаңа ұсталған балық ¨fish pie – балық пирогы ¨The chef's fish dishes are his speciality. – Бас аспаз/Шеф балық пісірудің шебері. ¨Fish forms the main part of their diet. – Олардың асының/қорегінің негізгі бөлігі – балық. 3. (idm) *a fish out of water құрғаққа түскен балықтай (яғни, ыңғайсыз жағдайға я бөтен ортада қалу) *have bigger/other fish to fry (бұдан да) маңыздырақ я қызығырақ нәрсесі болу *neither fish nor fowl «балық та емес, тауық та емес», не анау емес, не мынау емес ¨The hovercraft has always suffered from the fact that it is neither fish nor fowl. – Һоверкрафтқа өзінің не балық емес, не тауық емес күйі қиындық тудырды. *an odd/a queer fish (old-fashioned, BrE) оғаштау, әпенділеу, біртүрлірек адам *there are plenty more fish in the sea не нәрсе болсын жеткілікті ғой дег мағ B.v 1.балық аулау, қармақ салу ¨The trawler was fishing off the coast of Iceland. – Трейлер Исландияның маңында балық аулап жүрген. ¨~ for sth; ~ sth (for sth) You can fish for trout in this stream. – Мына жылғадан алабалық (форель) ұстасаңыз болады. ¨They fished the loch for salmon. – Олар жергілікті көлден албырт (лосось) аулады. 2.go ~ing балық аулауға, қармақ салуға бару ¨Let's go fishing this weekend. – Апта аяғында барып қармақ салайық. 3. қолмен сипалап я тінтіп іздеу ¨She fished around in her bag for her keys. – Ол сумкасын кілт іздеп тінітті. 4. (phr v) *fish for sth (білдірмей) бірнәрсеге қол жеткізуге тырысу ¨to fish for compliments/information – мақтау тілеу/мәлімет жию *fish sth/sb out (of sth) суырып алу, көтеріп алу ¨She fished a piece of paper out of the pile on her desk. – Оның столындағы ыбырсыған қағаз арасынан бір қағаз тауып алды. ¨They fished a dead body out of the river. – Өзен ішінен мәйітті тапты.