fix [fɪks] A.v 1. ~ sth (especially BrE) бекіту, орнату, қадау ¨to fix a shelf to the wall – қабырғаға тартпа/суырма ілу ¨to fix a post in the ground – жерге қазық қағу/орнату ¨(figurative) He noted every detail so as to fix the scene in his mind. – Көріністі есінде нығарлау үшін ол әр нәрсені айтып отырды. 2. ~ sth тағайындау; нақтылау, шешу (syn: set) ¨Has the date of the next meeting been fixed? – Келесі кездесудің уақыты тағайындалды/нақтыланды ма? ¨They fixed the rent at £100 a week. – Олар аренда/жал аптасына £100 болады деп келісті. ¨Their prices are fixed until the end of the year. – Олардың бағалары жылдың аяғына дейін бекітілген. 3.ойластыру, ұйымдастыру ¨~ sth (for sb) I'll fix a meeting. – Кездесу тағайындаймын. ¨~ sth up (for sb) You have to fix visits up in advance with the museum. – Музейге баратындарыңызды алдын-ала айтуларыңыз керек. ¨~ sth with sth (informal) Don't worry, I'll fix it with Sarah. – Қобалжыма, бұны Сарамен реттеймін. ¨~ (up) (for sb) to do sth I've fixed up (for us) to go to the theatre next week. – Келесі жетіде театрға баратын болдық. 4. ~ sth нақты жайын, уақтын, т.с.с. анықтау ¨We can fix the ship's exact position at the time the fire broke out. – Өрт басталған кездегі кеменің орналасуын анықтай аламыз. 5. ~ sth жөндеу, түзеу, реттеу ¨The car won't start - can you fix it? – Машина оталмай жатыр – жөндей аласың ба? ¨I've fixed the problem. – Мәселені реттедім. 6. (especially NAmE) әкеліп беру; әзірлеу, қамдау ¨~ sb sth Can I fix you a drink? – Сізге/саған сусын берейін бе? ¨~ sth for sb Can I fix a drink for you? - Сусын берейін бе сізге/саған? ¨~ sth I'll fix supper. – Кешкі ас қамдайын. 7. ~ sth (especially NAmE) бет-әлпетін түзеу, сылану, тарану ¨I'll fix my hair and then I'll be ready. – Шашымды реттеген соң әзір боламын. 8. ~ sth (informal) жымысқылық жасау, астыртын ойластыру ¨I'm sure the race was fixed. – Бәйгеде бір шикілік болғанын сезіп тұрмын. 9. ~ sb (informal) жазалау, сыбағасын беру ¨Don't worry - I'll fix him. – Уайымдама – оны жөнге саламын. 10. ~ sth (technical) фотоаппарат пленкасын химикатпен өңдеу (түсі өзгермесі не ағармасы үшін) 11. ~ sth (NAmE, informal) (жануарды) піштіру не стерилизациялау 12.(idm) *fix sb with a look, stare, gaze, etc. қадала, тесіле, өңменнен өткізе қарау ¨He fixed her with an angry stare. – Ызалы көзі оны тесіп бара жатты. 13.(phr v) *fix on sb/sth таңдау ¨They've fixed on Paris for their honeymoon. – Олар тәтті/бал айын өткізуге Парижді таңдады. ¨Have you fixed on a date for the meeting? – Кездесу уақтын тағайындадың/нақтыладың ба? *fix sth on sb/sth қадала қарау; қатты ойла(н)у *fix sth up жөндеу; безендіру; әзірлеу ¨They fixed up the house before they moved in. – Көшіп келер алдында олар үйді ретке келтірді. *fix sb up (with sb) (informal) қыз бен жігітті таныстыру үшін кездестіру *fix sb up (with sth) (informal) тауып беру, қамдау ¨I'll fix you up with a place to stay. – Қонатын жеріңді қамдайын. B.n 1. (informal) шешім, реттеу ¨There is no quick fix for the steel industry. – Болат өнеркәсібі/индустриясы тез арада ретке келмейді. 2.(informal) қандыратын нәрсе; есірткі ¨to get yourself a fix – құмарын қандыратын нәрсе табу ¨I need a fix of coffee before I can face the day. – Таңертеңгісін кофе ішпесем басым ауырады. 3.қиын жағдай (syn: mess) ¨We've got ourselves in a fix about this. – Осыған бола қиын жағдайға түстік. 4.(кеме я ұшақ) орнын анықтау ¨They managed to get a fix on the yacht's position. – Олар яхтаның қай жерде екенін анықтай алды. 5.(informal) ұғу, түсіну ¨He tried to get a fix on the young man's motives, but he just couldn't understand him. – Ол жас жігітті не итермелегенін ұққысы келгенімен, оны түсіне алмады. 6. (informal) көзбояушылық, әккілік ¨Her promotion was a fix, I'm sure! – Оның әккілікпен жоғарылағанын сезіп тұрмын!