flat [flæt] A.adj (flatter, flattest) 1.жайпақ, жазық, тегіс, жалпақ ¨low buildings with flat roofs – шатыры тегіс/жайпақ тапал ғимараттар ¨People used to think the earth was flat. – Адамдар Жер тегіс/жайпақ деп ойлаған. ¨The sails hung limply in the flat calm. – Жым-жырт тыныштықта желкендер салбырап тұрды. ¨The road stretched ahead across the flat landscape. – Жазық атырапта жол ұзыннан ұзақ созылып жатты. ¨The desert was flat, mile after mile. – Шөл теп-тегіс болып, талай мильге созылып жатты. ¨He reached a flatter section of land near the river. – Ол өзен жиегіндегі жазығырақ жерге жетті. ¨I need a flat surface to write on. – Маған жазу үшін жайпақ жер керек. ¨We found a large flat rock to sit on. – Отыратын үлкен жалпақ тас таптық. ¨Chapattis are a kind of flat Indian bread. – Чапати – шелпек сияқты үнді/индия наны. ¨flat shoes – жалпақ/жайпақ табан аяқ киім 2. енжар, селсоқ, бейжай, бойкүйез, жабырқау, құлазыңқы ¨He felt very flat after his friends had gone home. – Достары үйлеріне қайтқан соң көңілі енжар тартты. ¨It was a curiously flat note on which to end the election campaign. – Бұл сайлау науқанының біртүрлі бәсең ырғақпен бітуі болды. ¨Her voice was flat and expressionless. – Үні енжар әрі немқұрайды естілді. ¨He spoke in a flat Midlands accent. – Ол енжар Мидләндз акцентімен сөйледі. 3.біркелкі, теп-тегіс ¨Acrylic paints can be used to create large, flat blocks of colour. – Акрил бояулары ірі көлемдерді біркелкі бояу үшін қолданылады. 4.бәсең, енжар ¨The housing market has been flat for months. – Үй рыногы бірнеше ай бәсең болып тұр. 5.төтесінен, нық, нақты, нығарлай, илікпей ¨Her request was met with a flat refusal. – Өтінішіне илікпестен/төтесінен теріс жауап қайтарылды. ¨He gave a flat ‘No!’ to one reporter's question. – Бір тілшінің сұрағына ол нық/төтесінен «Жоқ!» деді. ¨These results are in flat contradiction to the theory of relativity. – Бұл нәтижелердің қатыстылық теориясымен (теория относительности) қайшылығы көпе-көрнеу. 6.бемоль (дыбыстың жарты тонға төмендегенін білдіретін нота белгісі) (opp: sharp) ¨That note should be B flat, not B. – Бұл нота «си» емес, «си бемоль» болуы тиіс. ¨The high notes were slightly flat. – Жоғары нотаналар/тондар сәл төмен болды. 7.тұрып қалған (сұйықтық) 8.отырған (батарея, аккумулятор) 9.желі шығып кеткен 10.жалпақ табан 11. (idm) *and that's flat! (BrE, informal) «айттым – бітті» дег мағ ¨You can't go and that's flat! – Бара алмайсың – болды! *as flat as a pancake құймақ сияқты жайпақ, тегіс ¨The country around here is as flat as a pancake. – Мына жердегі ауылды аймақ мүлде жазық. B.n 1. (BrE) пәтер, квартира ¨Do you live in a flat or a house? – Пәтерде тұрасың ба жоқ үйде ме? ¨They're renting a furnished flat on the third floor. – Олар үшінші қабаттан жиһаздалған пәтер жалдауда. ¨a ground-floor flat – бірінші қабаттағы пәтер ¨a new block of flats – жаңа пәтерлер/апартмент блогы ¨Many large old houses have been converted into flats. – Көптеген үлкен ескі үйлер пәтерлерге айналған. ¨Children from the flats across the street were playing outside. – Көшенің қарсы жағындағы пәтерлерде тұратын балалар тыста ойнап жүрген. 2.the ~ of sth бірнәрсенің жайпақ тұсы ¨He beat on the door with the flat of his hand. – Есікті алақанымен қақты. ¨the flat of a sword – қылыштың жайпағы 3.атырау, өзеннің жайпақ жағасы ¨salt flats – тұз жағалар 4.the ~, the F~ (BrE) (кедергісіз жазықтағы) бәйге, ат жарысы 5. бемоль (дыбыстың жарты тонға төмендегенін білдіретін нота белгісі - (♭)) (opp: sharp) ¨There are no sharps or flats in the key of C major. – До-мажорда диез де жоқ, бемоль да жоқ. 6. (especially NAmE) желі шығып кеткен дөңгелек ¨We got a flat on the way home. – Үйге келе жатып желіміз шығып кетті. ¨We had to stop to fix a flat. – Желі шыққан дөңгелекті жөндеу үшін тоқтауымыз керек болды. 7. (technical) фон (көрініс салынып, театр сахнасының артына ілінетін мата) 8. ~s (also flatties) (informal) жалпақ табан, жайпақ табан аяқ киім ¨a pair of flats – жайпақ табан жұбы 9. (idm) *on the flat (BrE) жазық, тегіс жерде ¨Overtaking the next cyclist on an Alpine climb is a dozen times harder than on the flat. – Өрге қарай велосипедшіден озған жазық жердегіден оншақты есе қиын. C.adv (comparative flatter, no superlative) 1.созыла, ұзынынан ¨Lie flat and breathe deeply. – ұзыныңыздан жатып, терең дем алыңыз. ¨They pressed themselves flat against the tunnel wall as the train approached. – Поезд жақындаған кезде олар туннель қабырғасына созыла жабысты. 2. (BrE) (NAmE ~ out) (informal) төтесінен, нық, нығарлай, нақты, илікпей ¨She told me flat she would not speak to me again. – Маған енді сөйлеспеймін деп нық айтты. ¨I made them a reasonable offer but they turned it down flat. – Дұрыс ұсыныс жасап едім, олар илікпеді. 3.дұрыс дыбыстан төменірек (бемоль) (opp: sharp) ¨He sings flat all the time. – Ол ылғи төменірек алып (ән) айтады. 4. (idm) *fall flat қызықсыз болу, ойдағыдай болмау ¨Without Jem, the whole evening would have fallen flat. – Джемсіз бүткіл кеш(кі сауық) қызықсыз болар еді. *fall flat on your face етпетінен түсу, құлау ¨(ауысп. мағ.) His next television venture fell flat on its face. – Телевизиядағы оның келесі ісі тоңқалаң асты. *flat broke (BrE also stony broke) (informal) саудасы біткен (яғни, ақшасыз қалған) *flat out (informal) a)аянбай ¨Workers are working flat out to meet the rise in demand for new cars. – Жұмысшылар жаңа машиналарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін аянбай еңбектенуде. b) (especially NAmE) нық, илікпей, төте(сінен), нақты; мүлде ¨I told him flat out ‘No’. – Оған төтесінен «Жоқ» дедім. ¨It's a 30-year mortgage we just flat out can't handle. – Бұл 30-жылдық ипотека болғандықтан оған шамамыз мүлде келмейді. *in… flat (informal) тек, тек қана дег мағ ¨They changed the wheel in three minutes flat. – Олар дөңгелекті үш-ақ минутта ауыстырды.