flatter [ˈflætə(r)] v 1.~ sb жағыну, жағу, жағымпаздану, мақтағыштау; елпілдеу, елпеңдеу, бәйек болу, жалпылдау ¨Are you trying to flatter me? – Маған жағайын деп тұрсың(ыз) ба?/Бопты енді, бәйек болмай-ақ қой(ыңыз). 2. ~ yourself (that…) менменсу, өркөкіректену, алкеуделену ¨‘How will you manage without me?’ ‘Don't flatter yourself.’ – «Менсіз қайтпексің?» «Көкіректі қойсаңшы». 3.~ sb тартымды ету; асыра көрсету ¨That colour doesn't flatter many people. – Ана түс/рең(к) адамдарға көп ұнай бермейді. ¨The scoreline flattered England. – Ойын нәтижесі Англияны (нашар ойнаса да) қампита көрсетті. 4. (idm) *be/feel flattered жадырау, көңілі көншу, іші жылу, мейірлену, еру, жібу ¨He was flattered by her attention. – Оның көңіл бөлгені жанына майдай жақты/жанын жадыратты. ¨I felt flattered at being asked to give a lecture. – Менен дәріс/лекция оқуымды өтінгенде көңілім жадырады/ішім жылыды. ¨She was flattered to hear that he had been asking about her. – Оның өзі жайлы сұрап жүргенін естіп жадырады. ¨I suppose we should be flattered that he agreed to come at all. – Оның жалпы келуге келіскенінің өзіне риза болуымыз керек шығар. *flatter to deceive (BrE) жақсы, сәтті болып көріну ¨As with many new bands, their early success flattered to deceive. – Көптеген жаңа ансамбльдер сияқты, алғашқы табыстары оларды тартымды етіп көрсетті.