flavour [ˈfleɪvə(r)] (especially US flavor) A.n 1.дәм, татым (syn: taste) ¨The tomatoes give extra flavour to the sauce. – Помидор соусқа/тұздыққа қосымша дәм береді. ¨It is stronger in flavour than other Dutch cheeses. – Басқа голланд сырларына/ірімшіктеріне қарағанда бұның дәмі күштірек. ¨This yogurt comes in ten different flavours. – Бұл йогурттың он түрлі дәмі бар./Бұл йогурттың дәмі жағынан он түрі бар. ¨a wine with a delicate fruit flavour – нәзік жеміс дәмі бар шарап 2. (NAmE) = flavouring 3. «дәм», «татым», сипат, күй, қасиет (syn: ambience) ¨the distinctive flavour of South Florida – Оңтүстік Флориданың өзгеше «татымы»/сипаты ¨The film retains much of the book's exotic flavour. – Фильм кітапта жазылған экзотикалық сипаттардың/«татымдардың» көбін сақтаған ¨Foreign visitors help to give a truly international flavour to the occasion. – Шетелден келген қонақтар жиынға шынайы халықаралық сипат беруге сеп болады. 4.a/the ~ of sth түсінік, сипат ¨I have tried to convey something of the flavour of the argument. – Пікірталастың сипатынан хабардар еткім келді. ¨The following extract gives a flavour of the poet's later works. – Келесі үзінді ақынның соңғы еңбектерінің сипаттамасын жеткізеді. 5. (көне қолд) иіс, жұпар 6. (idm) *flavour of the month (especially BrE) «айдың дәмі», өте көп айтылып жүрген адам я нәрсе ¨Environmental issues are no longer the flavour of the month. – Экологиялық мәселелер жөнінде енді пәлендей айтып жүрген жоқ. ¨I'm not exactly flavour of the month around here at the moment. – Дәл қазіргі кезде жұрт назары маған онша ауып тұрған жоқ. B.v ~ sth (with sth) дәмдеу, астын дәмін кіргізу, дәмдеуіш қосу