flick [flɪk] A.v 1. ~ sth (саусақпен) шерту, (қолмен) қағу, серпу, сермеу, желпу, ыршыту, сартылдату, тырс еткізу ¨She flicked the dust off her collar. – Жағасындағы шаңды шертті. ¨The horse was flicking flies away with its tail. – Ат құйрығымен шыбын-шіркейді желпіді. ¨James flicked a peanut at her. – Джеймс оған арахис (дәнін) (шерте) атты/ыршытты. ¨Please don't flick ash on the carpet! – Кілемге темекі күлін қақпаңызшы! ¨The striker flicked the ball into the back of the net. – Шабуылшы допты серпіп/сылқ еткізіп тордың артқы жағына тастады. 2.шалт қимылдау, серпу, желпу, жалаңдату, сартылдату, ыршу ¨The snake's tongue flicked out. – Жылан тілін жалаңдатты. ¨Her eyes flicked from face to face. – Оның жанары адамдардың жүздерін бағып шарқ ұрды/ыршыды/ойнақшыды. ¨~ sth He lifted his head, flicking his hair off his face. – Бетіне түскен шашын серпілте басын көтерді. ¨The horse moved off, flicking its tail. – Құйрығын желпи ат қозғала бастады. 3.жалма-жан, жалт жымию, қарау ¨~ a smile/look, etc. at sb She flicked a nervous glance at him. – Қобалжыған жанары оған жарқ етті. 4.түртіп қалу, шық еткізу (syn: flip) ¨~ sth He flicked a switch and all the lights went out. – Қосқышты шық еткізгенде/түртіп қалғанда барлық жарық сөнді. ¨~ sth on/off She flicked the TV on. – Тық еткізіп теледидарды қосты. 5.желпу; салып қалу ¨~ A (with B) He flicked me with a wet towel. – Ол мені дымқыл орамалмен салып жіберді. ¨to flick a whip – қамшымен салып қалу 6. (phr v) *flick through sth (especially BrE) a) (кітапты, т.с.с.) парақтау (syn: flip through) ¨I've only had time to flick through your report but it seems to be fine. – Баяндамаң(ыз)ды парақтауға ғана мұршам болғанымен, тәуір сияқты көрінді. b)телеарналарды тез ауыстыру, «парақтау», шақылдату (syn: flip through) ¨Flicking through the channels, I came across an old war movie. – Телеарналарды парақтап/шақылдатып отырып көне соғыс жайлы фильмге кезіктім. B.n 1.серпу, серпіліс, сермеу, шерту, қағу, шалт қимыл ¨Bell's flick into the penalty area helped to create the goal. – Беллдің айып алаңына серпуі голға себепкер болды. ¨All this information is available at the flick of a switch. – Қосып қалсаң/Шақ еткізсең болды бүткіл мәлімет шыға келеді. ¨He threw the ball back with a quick flick of the wrist. – Білегін жалт еткізе допты сермеп қалды. 2.a ~ through sth (кітапты, т.с.с.) парақтау (syn: flip) ¨I had a flick through the catalogue while I was waiting. – Күтіп отырған кезде каталогты парақтадым. 3. (old-fashioned, informal) кинофильм 4.the ~s (old-fashioned, BrE, informal) кинотеатр