flight [flaɪt] A.n 1.ұшыс, ұшу, рейс ¨a smooth/comfortable/bumpy flight – жайлы/жайсыз ұшыс/ұшу ¨a domestic/an international flight – ішкі/халықаралық рейс/ұшыс ¨a hot-air balloon flight – шармен ұшу ¨We met on a flight from London to Paris. – Біз Лондоннан Парижге бет алған ұшақта кездестік. ¨All flights between New York and Washington have been cancelled due to fog. – Нью-Йорк пен Вашингтон арасындағы барлық рейстер тұманға байланысты тоқтатылды. ¨We're booked on the same flight. – Біз бір рейске заказ/тапсырыс бердік. ¨Flight BA 4793 is now boarding at Gate 17. - BA 4793 рейсіне 17 қақпада/шығыста мініп жатыр. ¨If we leave now, I can catch the earlier flight. – Қазір кетсек, ертерек рейске үлгере аламын. ¨mercy/relief flights – қайырым көмегін тасыған ұшыстар/ұшулар ¨the age of supersonic flight – суперсоник/дыбыстан жылдам ұшыстар дәуірі ¨flight safety – ұшу қауіпсіздігі ¨The bird is easily recognized in flight. – Бұл құс ұшқан кезде тез көзге түседі. ¨the flight of a ball – доптың ұшу бағыты 2.баспалдақ, тепкішек ¨She fell down a flight of stairs/steps and hurt her back. – Ол баспалдақтан құлап, мойнын ауыртты. 3.қашу ¨the flight of refugees from the advancing forces – келе жатқан әскерден босқындардың қашуы ¨a flight from harsh reality – ауыр жағдайдан қашу ¨The main character is a journalist in flight from a failed marriage. – Басты кейіпкер – сәтсіз некеден қашқан журналист. 4. ~ of fancy/imagination қалқыған/қалықтаған қиял ¨This idea was one of my wilder flights of fancy. – Бұл ой құмарлана қиялдаған кезде туған еді. 5.үйір (құстың), топ, шоғыр ¨a flight of geese – қаз(дар) үйірі ¨They flew in two flights of three aircraft. – Олар әрқайсысы үш ұшақтан құралған екі топ болып ұшты. ¨an aircraft of the Queen's flight – королева ұшақтарының бірі 6. (idm) *in the first/top flight үздік, жоғарғы топ ¨This is the team's first season back in the top flight for more than 60 years. – Бұл команданың алпыс жылдан астам уақыттан соң жоғары топқа оралғалы бергі алғашқы маусымы. *put sb to flight (old-fashioned) қашыру ¨The enemy was quickly put to flight. – Жау тез арада қашты/қашуға мәжбүр болды. *take flight қашып кету ¨The gang took flight when they heard the police car. – Полиция машинасының үнін ести сала содырлар/бұзықтар қаша жөнелді. B.v ~ sth (BrE, sport) допты шебер тебу, соғу я лақтыру ¨He equalized with a beautifully flighted shot. – Ол әдемі жасалған соққымен ұпайды теңестірді.