flinch [flɪntʃ] v 1.селт ету, шімірігу, түршігу, тітіркену, шіміркену ¨He met my gaze without flinching. – Қарасыма селт етпеді. ¨He didn't even flinch when I told him the price. – Бағасын/Құнын айтқанда селт етпеді де. ¨~ at sth He flinched at the sight of the blood. – Қанды көргенде денесі түршікті/шімірікті/шіміркенді. ¨~ away She flinched away from the dog. – Ол иттен ыршып кетті. 2. (phr v) *flinch from sth/flinch from doing sth нашар нәрседен жалтару ¨He never flinched from facing up to trouble. – Ол қиындықтан қашқан емес.