flip [flɪp] A.v (-pp-) 1.аудар(ыл)у, төңкер(іл)у, иірілу, аунау, шалқасынан түс(ір)у ¨The plane flipped and crashed. – Ұшақ төңкеріліп/аунап барып құлады. ¨(figurative) She felt her heart flip. – Жүрегі төңкеріліп/аунап кеткендей болды. ¨~ sth He flipped the lid open and looked inside the case. – Аузын шалқасынан түсіре ашып, чемоданның ішіне үңілді. 2.кнопканы/ түймені басу (жабдықты, тсс істету не тоқтату) (syn: flick) ¨~ sth to flip a switch – қосқышты басу ¨~ sth on/off She reached over and flipped off the light. – Қолын созып барып шамды сөндірді. 3. тиын(ды ыршыта жеребе ретінде) тастау, тиын иіру (syn: toss ~ a coin) ¨They flipped a coin to decide who would get the ticket. – Билеттің кімге бұйыратынын анықтау үшін олар тиын/монета иірді. ¨~ sth He flipped the keys onto the desk. – Ол кілтті столға иіре тастады. 4. ~ (out) (informal) ашуға бөгу; қатты толқу ¨She finally flipped under the pressure. – Ақыры ол қысымға шыдай алмай толқып кетті. ¨He completely flipped when he saw the mess in the kitchen. – Кухнядағы бықсықты көргенде ол жынданып кете жаздады. 5. (idm) *flip your lid (informal) ашуға бөгу, жінігу, ашудан тұтығу (syn: go mad) ¨She'll flip her lid when she finds out. – Біліп қойса жарылады ғой ол. 6. (phr v) *flip over төңкерілу, аударылу, аунау ¨The car hit a tree and flipped over. – Машина ағашқа соғылып барып төңкеріліп қалды. ¨He flipped over and sat up. – Ол аунай/аударыла барып отырды. *flip sth over аудару, төңкеру ¨The wind flipped over several cars. – Жел бірнеше машинаны аударып/төңкеріп кетті. *flip through sth парақтау, аударғыштау, төңкергіштеу (syn: flick through) ¨She flipped through the magazine. – Ол журналды парақтап шықты. ¨Flipping through the channels, I came across an old war movie. – Телеарналарды парақтай/аудара отырып, ескі соғыс жайлы фильмге кезіктім. B.n 1.иіру, ыршыту ¨The whole thing was decided on the flip of a coin. – Барлық мәселе әп сәтте шешілді. 2.(ауада) төңкерілу, аударылу (syn: somersault) ¨The handstand was followed by a back flip. – (Аяқтарын аспанға көтере) қолдарымен тұрып, артқа қарай төңкеріліп түсті. ¨(figurative) Her heart did a flip. – Жрегі аунап түсті. 3. ~ through sth парақтау (syn: flick) ¨I had a quick flip through the report while I was waiting. – Күтіп отырған кезде баяндаманы тез парақтап шықтым. C.adj (informal) = flippant ¨a flip answer/comment – жеңілтек жауап/сөйлеу ¨Don't be flip with me. – Менімен дұрыстап сөйлескін/сөйлесіңіз.