flirt [flɜːt] A.v 1.~ (with sb) қырындау, қылмыңдау, жымыңда(с)у, әзілдеу, ойнау; ойнақшу; қораздану; шолжаңдау, наздану ¨He flirts outrageously with his female clients. – Оның (өзінің) әйел клиенттеріне қылмыңдауы/қырындауы қытығыңа тиеді. 2. (phr v) *flirt with sth a)қызыққан, көңілі ауған болу ¨She flirted with the idea of becoming an actress when she was younger. – Жасырақ кезінде актриса болсам ба деген ойлары да болған. b)қауіппен ойнау ¨to flirt with danger/death/disaster – қатермен/өліммен/апатпен ойнау/үзеңгі қағыстыру B.n шолжаң, жымыңдағыш, қырындағыш, әзілқой ¨She's a real flirt. – Ол – нағыз шолжаң.