float [fləʊt] A.v 1.қалқу, қалқи жүзу, қозғалу, қалықтай қозғалу, шарықтау (syn: drift) ¨A group of swans floated by. – Бір топ аққу қалқып өтті. ¨The smell of new bread floated up from the kitchen. – Жаңа піскен нанның иісі кухнядан қалқи шықты. ¨Beautiful music came floating out of the window. – Терезеден әдемі музыка үні шарықтай жетті. ¨(ауысп. мағ.) She floated down the steps to greet us. – Ол бізді қарсы алу үшін қалқыған ұлпадай болып баспалдақпен түсті. ¨The boats were floating gently down the river. – Қайықтар өзен үстінде баяу тербеле жүзді. ¨(figurative) An idea suddenly floated into my mind. – Санама кенет бір ой сап ете қалды. ¨(figurative) People seem to float in and out of my life. – Кісілер өміріме қалқи кіріп, қалқи шығатындай көрінеді. 2.қалқу ¨Wood floats. – Ағаш қалқиды/қалқып жүр. ¨~ in/on sth A plastic bag was floating in the water. – Пластик дорба суда қалқып жүрді/қалқыды. ¨Can you float on your back? – Арқаңмен қалқи аласың ба? 3.қалқыту ¨~ sth There wasn't enough water to float the ship. – Кемені қалқыта алатындай су болмады. ¨~ sth They float the logs down the river to the towns. – Олар ағашты/ағаштарды өзенмен кенттерге ағызады. 4. ~ sth ұсыныс «қалқыту», ой, ұсыныс тастау, шығару ¨They floated the idea of increased taxes on alcohol. – Олар арақ өнімдеріне салықты ұлғайту жөнінде ұсыныс көтерді. 5. ~ sth (business) (алғаш рет) акцияларын сату, акцияларын рынокқа шығару ¨The company was floated on the stock market in 2007. – Компания акцияларын (үлестерін) қор биржасына 2007 жылы шығарған. ¨Shares were floated at 585p. – Акциялар 585 пенстен ұсынылды. 6.~ (sth) (economics) ұлттық ақшаны (валютаны) «қалықтату», еркін айырбасқа шығару 7. (idm) *float sb's boat (informal) біреудің ұнатқан нәрсесі болу ¨You can listen to whatever kind of music floats your boat. – Жақсы көрген музыкаңды тыңдай берсең болады/Қандай музыканы жақсы көрсең де тыңдасаң болады. 8. (phr v) *float about/around (әңгіме, өсек ж) жайылу, жүру, тарау ¨There's a rumour floating around that you're thinking of leaving. – Сен кетеді деген әңгіме жүр ғой. B.n 1.(машина үстіндегі) жылжыма сахна ¨a carnival float – жылжыма карнавал сахнасы 2.(қармақ батпау үшін оған бекітілген) қалытқы ¨float fishing – қалытқының көмегімен аулау 3.(жүзіп үйренгенге қажет) қалытқы 4. (NAmE) флөут, «қалытқы» (үстінде балмұздақ қалқып жүрген сусын) ¨a Coke float – кока-кола флөуті/қалытқысы 5. (especially BrE) тиын-тебен, майда ақша 6. = flotation