flood [flʌd] A.n 1.сел, тасқын ¨The heavy rain has caused floods in many parts of the country. – Нөсер жауын елдің көптеген аудандарында сел жүргізді. ¨flood damage – селден болған зиян ¨Police have issued flood warnings for Nevada. – Полиция Невадада сел жүреді деп ескертулер жасады. ¨an appeal to help flood victims – селден/тасқыннан жапа шектендерге көмек сұрай/сұрап үндеу ¨the Thames flood barrier – Темзаның тасқыннан қорғайтын кедергісі. ¨The river is in flood. – Өзен тасуда. 2. ~ (of sth) ағын, нөпір, тасқын ¨a flood of complaints – шағымдар нөпірі ¨a flood of refugees – босқындар ағыны/нөпірі ¨The child was in floods of tears. – Сәби пора-порасы шығып жылады. 3.the F~ (діни кітаптарда баяндалған) топан су ¨before the Flood – баяғы/бағзы/ежелгі заманда B.v 1.су басу, сел жүру, тоғыту ¨The cellar floods whenever it rains heavily. – Нөсер жауын жауса ұра/погреб суға толып кетеді. ¨~ sth If the pipe bursts it could flood the whole house. – Құбыр жарылса бүткіл үйді су басуы/суға тоғытуы мүмкін. 2.тасу, жайылу ¨When the Ganges floods, it causes considerable damage. – Ганг өзені тасығанда әжептәуір зиян шектіреді. ¨~ sth The river flooded the valley. – Өзен тасып алқапқа жайылды. 3.~ in/into/out of sth ағылу, қаптау, үйілу, жайылу, құйылу, нөпір болып келу, арты-артынан, лек-легімен келу (syn: pour) ¨Refugees continue to flood into neighbouring countries. – Босқындар көрші елдерге ағылуда/құйылуда. ¨Telephone calls came flooding in from all over the country. – Елдің түкпір-түкпірінен телефон шалулар ағылып келді. ¨The office was flooded with applications for the job. – Офиске/Кеңсеге жұмысқа алуды өтінген хаттар ағылды/құйылды. ¨We've been flooded with complaints. – Бізге шағымдар арты-артынан келді. ¨~ sth Cheap imported goods are flooding the market. – Арзан, импортталған заттар базарға қаптауда. ¨~ sth with sth A man who planned to flood Britain with cocaine was jailed for 15 years. – Британияны кокаинге тоғытпақ болған адам 15 жылға кесілді. ¨(ауысп мағ) A great sense of relief flooded over him. – Үстінен ауыр жүк түскендей сезім бойына тарады. ¨(ауысп. мағ.) Memories of her childhood came flooding back. – Балалық шақ естеліктері ойына тасыған судай оралды. ¨(ауысп мағ) She drew the curtains and the sunlight flooded in. – Пердені түргені сол екен, күн шуағы құйылды. ¨~ sth (ауысп. мағ.) She looked away as the colour flooded her cheeks. – Беті алаулай бастағанда әрі қарады. ¨be ~ed with sth (ауысп. мағ.) The room was flooded with evening light. – Бөлмеге кешкі жарық құйылды. 4. ~ (sth) мотордың жанармайға толып кетуі (сөйтіп оталмауы) 5. (phr v) *flood sb out тасқынға байланысты үйінен кету