floor [flɔː(r)] A.n 1.еден ¨a wooden/concrete/marble floor – ағаш/бетон/мәрмәр еден ¨ceramic floor tiles – қыш/керамика еден шаршылары/кафельдері ¨The furniture and floor coverings date from the 1920s. – Жиһаз бен еденге төсеген материалдар 1920 жж жасалған. ¨The alterations should give us extra floor space. – Өзгертулерден соң (үйде) қосымша жер/кеңістік ашылады. 2. (NAmE also floorboard) еден (көліктің) ¨The floor of the car was covered in cigarette ends. – Машина едені темекі тұқылына толып кеткен. 3.қабат, этаж ¨Her office is on the second floor. – Оның кеңсесі екінші қабатта (орналасқан). ¨the Irish guy who lives two floors above – екі қабат жоғары тұратын ирландиялық жігіт ¨There is a lift to all floors. – Барлық қабаттарға баратын лифт бар. ¨Their house is on three floors. – Үйлері - үшқабатты. 4.табан, түп ¨the ocean floor – мұхит табаны/түбі ¨valley floor – алқап төсеніші ¨cave floor – үңгір табаны ¨forest floor – орман төсеніші 5.a) парламент мүшелері отыратын зал ¨speak from the floor – залдан/отырған жерінен сөйлеу ¨Opposition politicians registered their protest on the floor of the House. – Оппозиция саясаткерлері өздерінің наразылығын төменгі палатада тіркетті. b)жиналыста сөйлеу хақы ¨The floor is yours. – Cөз сізде. c)талқылаулар, пікірталастар залы, орны; пікірталасқа қатысушылар ¨We will now take any questions from the floor. – Залдан кез-келген сұрақ қойса болады. 6.ғимараттың жұмыс орны ¨on the floor of the Stock Exchange – қор биржасының сауда залы 7.еден, ең төменгі деңгей ¨Prices have gone through the floor. – Бағалар құлдырап кетті/құлады. 8. (idm) *get/be given/have the floor сөз алу, бер(іл)у, сөйлеу хақын алу, беру *hold the floor сөз сөйлеу, сөйлеп тұрып алу ¨She held the floor for over an hour. – Ол бір сағаттан көп сөйледі. *take (to) the floor би алаңында билей бастау ¨Couples took the floor for the last dance of the evening. – Кештің соңғы биін билеуге қосақтар/жұптар шықты. *wipe/mop the floor with sb (informal) ойсырата, талқанын шығара, быт-шытын шығара жеңу, ұту B.v 1. ~ sb абдырау, сасу, есеңгірету ¨His reply completely floored me. – Оның жауабы мені есеңгіретіп тастады. 2. ~ sb ұрып жығу, сұлатып салу ¨He was floored by the first punch. – Бір ұрғаннан сұлап түсті/жалп етті. 3. ~ sth еден төсеу, еденмен қамдау 4. ~ the accelerator машинаның газын қатты басу (бар жылдамдыққа басу)