flounder [ˈflaʊndə(r)] A.v 1.абдырау, абыржу, аңыру, сасу, состию ¨His abrupt change of subject left her floundering helplessly. – Оның әңгіме аңысын өзгертуі оны абдыратып тастады. 2.қалт-құлт ету, тығырыққа тірелу ¨At that time the industry was floundering. – Ол кезде өнеркәсіп/индустрия тұралап жатқан еді. ¨The new democracy there continues to flounder. – Ондағы жаңа демократияның халі мүшкіл болып қалуда. 3.арпалысу, әзер жүру ¨She was floundering around in the deep end of the swimming pool. – Ол бассейннің терең жағында арпалысып жатты. ¨A man came floundering through the snow towards us. – Қармен арпалыса бізге қарай бір кісі келді. B.n (pl ~ or ~s) камбала (шағын, жайпақ теңіз балығы)